Ел тынысы

«Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи»

Түркістан қаласында Астана қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толуына орай «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Танымал тұлға атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен конференцияға еліміздің 13 облысының білім ордаларында қызмет атқаратын 140-тан аса ұстаздар қауымы қатысты.
Сондай-ақ, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан елдерінен Ясауи ілімі мен өмірін зерттеп жүрген айтулы ғалымдар келді.
Орта Азия қала берді күллі түркі әлеміне танылған Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеп, отандық және шетелдік ғалымдардың ізденістерін бір арнаға тоғыстыру мақсатында ұйымдастырылған бұл конференцияда қатысушылар Қожа Ахмет Ясауи ілімін қазіргі таңда қоғамның рухани-адамгершілік және мәдени дамуындағы жетістіктердің өзегі ретінде танылуын қарастырды.
Айта кетейік, ақпан айында Астана қаласының Білім басқармасы мен Әдістемелік орталығы Елордамызда «Ғасыр данасы-Қожа Ахмет Ясауи» атты халықаралық ғылыми-конференциясын өткізген еді. Ойшыл тұлғаның туғанына 930 жыл толуына орай бұл жиын Түркістанда жалғасын тауып отыр.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button