Мәдениет

Ғажайып әлемге саяхат

Астаналық цирк жетім және ерекше күтімді қажет ететін балаларға мерекелік көрініс көрсетіп, жақсы көңіл-күй сыйлады.

[smartslider3 slider=1504]

Кішкентай балғындардың жүзіне күлкі сыйлау үшін акробаттар, сайқымазақтар, жонглерлер барын салды. Көңілдері алып-ұшқан балақайлар бір сәтке болса да сиқырлы ғажайып әлемге саяхат жасады. Сонымен қатар цирк балаларға арнап «Астаналық цирк шамдарды жағады» атты шоу ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күннің ішінде циркке шамамен 1000 бала келген. «Бізде мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған. Арнайы лифт, арбадағы мүгедектерге арналған көтергіштер бар. Біздің кішкентай көрермендерімізге шоу бағдарлама ұнады» деді ұйымдастырушылар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button