Мәдениет

Ғибратты ғұмыр

Жақында «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде мемлекет және қоғам қайраткері, саяси қуғын-сүргін құрбаны Жанайдар Сәдуақасовтың 125 жылдығына арналған «Ғибратты ғұмыр» атты көрме ашылып, дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Шараға Алаш ардақтысының туыстары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, тарихшы ғалымдар Амангелді Қашқымбаев, Жабай Қалиев, Құндызай Ерімбетова, Мемлекет тарихы институты ғылыми ақпарат бөлімінің басшысы, ақын Серік Сейітман, Ы.Алтынсарин атындағы «BINOM» мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Көрмеге Ж.Сәдуақасовтың отбасылық фотосуреттері, түрлі мемлекеттік лауазымдарды атқару барысында қол қойған құжаттары, мақалалары мен жеке заттары қойылған.

Ғалымдар қазақ зиялысының өнегелі өмірі мен қажырлы қызметі туралы тарихи фактілермен, ал туыстары естеліктер мен өмірбаянына қатысты тың деректермен бөлісті. Сондай-ақ, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани-мәдени дамуына қосқан үлесі жайлы нақты деректер мен мәліметтер айтылды.

Сол күні «АЛЖИР» мұражайы құнды жәдігермен толықты. Жанайдар Сәдуақасовтың туған бауырының ұрпағы Перизат Құрманқызы мұражай қорына Жанайдар киген жилетканы сыйға тартты. Көрнекті тұлғаның киімін Жанайдар Сәдуақасовтың кенже інісі Құрман Сәдуақасұлының отбасы бүгінге дейін көзінің қарашығындай сақтап келген.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button