Жаңалықтар

Ғибраты мол ғимарат

Елорданың сол жағалауындағы Тұңғыш Президент – Елбасы музейі үш қабаттан тұрады.

Елбасының балалық шағынан бастау алып, еңбек жолынан сыр шертетін бөлімдер «Қазақстан мақтанышы» залындағы спорт саңлақтарының даңқты сәттерімен жалғасады. Бұл залдың ерекшелігі – мұнда кез келген адам интерактивті алаңда хоккей, бокс, велоспорт және ауыр атлетикадан жарыстарға қатысып, өздерін жеңімпаз ретінде сезіне алады. Оған қоса спорт сайыстарынан жеңімпаз атанған жан сол сәтін суретке түсіріп және оны электронды поштасына жолдай алады.

Музейдің макетін бүге-шігесіне дейін ойластырған отандық мамандар озық технологияларды пайдаланған. Мысалы, планшетті жәдігерге тақасаңыз болды, теңгенің бедерінде бейнеленген ұлттық таңбалар «тіріліп» кеткендей көрінеді. Елбасының сырт елдерге сапары, әлем мінберлерінен айт­қан мәлімдемелерін де осында тыңдауға мүмкіндік бар. Мәртебелі марапаттар, әуелі әріптес, сосын дос атанған саясаттағы саңлақтардың сыйлықтары. Тұтас бір қабырға – қынабы қалың қылыштар. Елбасы қолы қалт етсе қазақтың қара домбырасын күмбірлететіні бар, домбыра үні мұнда да үзілмейді. Музейдің электронды кітабы бар. Яғни оған келушілердің жылы лебіздері мен өтініштері қағаз бетіне емес, компьютерге тура түседі.
Музейдің жаңа ғимаратындағы экскурсиялар он адамнан аспайтын қонақтар санына 15 минут сайын жүріп отырады. Келушілерге бетперде тағу міндетті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button