Тәуелсіздікке 30 жыл

Ғылым мен білім кепілі

Құрметті отандастар! Қадірлі елорда тұрғындары! Тәуелсіздік – бұл өмірдегі құдіретті сөз. Ал қазіргі заманда тәуелсіздіктің бірден­бір нышаны, бірден­бір кепілі – ол білім мен ғылым.

[smartslider3 slider=1446]

Елбасымыз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан­ақ білім мен ғылымға, жастарды тәрбиелеуге, технология мен жаңалықтарды елге әкелуге өте үлкен күш­жігер жұмсады. Өздеріңізге мәлім, «Болашақ» бағдарламасы сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары басталған­тұғын. Шетелде, ең дамыған елдерде, ең мықты университеттерде оқып келген жастарымыз қазіргі таңда аяққа тұрды. Болашаққа, ғылымға, технологияға, ең мықты жетістіктерге тікелей байланысы бар ұрпақ тәрбиеледік. Осы ұрпақ – отыз жылдық қана емес, мыңжылдық тәуелсіздік кепілі. Ұлы мереке құтты болсын!

Саясат НҰРБЕК,

«BTS Education» жобасының жетекшісі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button