Білім

Ғылым қашан даму факторына айналады?

Ғылыми мекемелер, Мемлекет басшысы айтқандай, Қазақстандағы ғылымды «жандандыру» және оған қоғамның өнімді күші ретінде бұрынғы маңызын беру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға айтарлықтай күш салады.

Бүгінгі таңда мұндай трансформациялық қадамдар қоғамның белгілі бір тобының келіспеушілігін тудыратынын түсінуге болады. Атап айтқанда, тарқатылып жатқан «Ұлттық ғылым академиясы» республикалық қоғамдық ұйымының академиктері жоғары басшылыққа ғылыми ведомствоның «озбырлығына» шағымданып жүгінді, ал белгілі заңгерлердің бірі министрлік іс-әрекетінің заңсыздығын ақтауға тырысып, тіпті біздің көз алдымызда ғылыми істермен даңқты Сәтбаев Ғылым академиясы жойылып жатыр деген мағынада сөз сөйледі.

Осыған байланысты, шамамен 30 жыл бұрын осы академиктердің барлығы өздерінің жаңа қоғамдық мәртебесін қолдап, Сәтбаев академиясынан бас тартқанын еске салғым келеді. Уақыт өзінің жаңа құрылымында «ҚР ҰҒА» РҚБ «танымал адамдар клубына» айнала отырып, өз қатарларын жалған ғалымдармен айтарлықтай толықтыруда табысқа жеткенін, бірақ жетекші ғылыми рөл ат­қаруды тоқтатқанын және білім мен инновациялық технологияларға негізделген жаңа экономика құрудың өзекті міндеттерін шешуден іс жүзінде алшақтағанын көрсетті. Сондықтан, біздің ойымызша, бұл процесс ғылыми қоғамдастықтың белгілі бір топтарының айтарлықтай қарсылығына тап болады деген түсінікке сү­йене отырып, ҚР Президенті жанындағы жаңартылған Ғылым академиясын қайта құру туралы шешім қабылданды. Министр қоғамға негізгі идеясын – ашық, бірақ конкурстың талаптары бойынша қатаң түрде іріктелген, нағыз белсенді ғалымдардың құрамында Ғылым академиясын қайта құру туралы нақты және салмақты түрде жеткізді деп ойлаймын. Әрине, барлығын басынан бастауымыз керек, бірақ басқаша амал жоқ.

Шынында да, үлкен ғы­лымның қатысуынсыз, сөздің ең жақсы мағынасында, барлық индустриалды-­инновациялық дамыған елдердегідей озық ғылыми-­техникалық идеялар мен олардың нәтижелерін тікелей өндіріске жеткізу тетігі – пәрменді ұлттық инновациялық жүйені құру мүмкін емес. Бұл үлкен ғылым, бұрынғы күндердегідей, экономиканың барлық саласында және басқару жүйесінің буындарында сапалы адами капиталды қалыптастыру және дамыту процестерін анықтауы керек. Қоғам мен экономика онсыз да көп күтіп қалды.

Хаслан КУСАИНОВ,

экономика ­ғылымдарының

докторы, профессор

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button