Білім

Ғылымға баулиды

Нұр-Сұлтандағы №42 мектепте STEAM-зертхана ашылды. Бұл – «Шеврон» компаниясының қолдауымен Caravan of Knowledge білім беру ұйымы жүзеге асыратын School Upgrade бағдарламасының алғашқы іс-шарасы.

[smartslider3 slider=298]

«Сынып кеңістігін өзгерту №42 мектептің оқушылары мен мұғалімдері үшін күтпеген сыйлық болды. School Upgrade бағдарламасымен біз басқа да қазақстандық білім беру мекемелерін жаңғыртуды жоспарлап отырмыз» дейді Caravan of Knowledge жетекшісі Зарина Биюмбаева.
STEAM-әдістеме (STEAM – science, technology, engineering, arts, mathematics) оқушыларға мектеп бағдарламасынан материалды тиімді меңгеруге және әртүрлі ғылыми салалар арасындағы байланысты түсінуге көмектеседі. Сонымен қатар STEAM-жобалар, тапсырмалар мен міндеттер таңдалған қызметке қарамастан, әрі қарай оқу мен қызмет жолында пайдалы болатын дағдыларды – сыни және шығармашылық ойлау­ды, зерттеу дағдыларын, командада жұмыс істеу қабілетін, тайм-менеджментті, таныстыру дағдыларын дамытады.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button