Ел тынысы

«Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері»

Астанада оқушыларға арналған халықаралық ғылыми форум өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қазақстан Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында өткен «Ғылыми білім, инновация және жастар – тұрақты даму негіздері» атты халықаралық ғылыми форум еліміздегі Ғылым қызметкерлері күні мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналды.
Іс-шараны балалардың ғылыми шығармашылығын көтермелеу және қазақстандық оқушыларды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кеңінен тарту мақсатында ұйымдастырды. Форум жұмысына Қытай, Пәкістан, Тунис, Индонезиядан келген ғылымды дәріптеушілер, сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және еліміздегі оқушылар мен мұғалімдер қатысты.
«Ғылым мен білім біздің қоғамның дамуында шешуші рөл атқарады. Сіздің осы форумға қатысуыңыз – әлемді білім мен инновация қалыптастыратын болашақты құрудағы қадам. Осында отырған оқушылар еліміздің болашағы және сіздің проблемаларды шешуге деген қызығушылығыңыз, ынта-жігеріңіз және шығармашылығыңыз ғылым мен білім беруде жаңа биіктерге жету үшін қажет негізгі қасиеттер саналады», – атап өтті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

BRISEC Президенті, Қытай Ғылым академиясының академигі, профессор Хянг Пинг Ву халықаралық ынтымақтастық ғылыми әлеуетті дамыту үшін негіз саналатынын, сондай-ақ ғылыми білім кедергілерді бұзатын және жаһандық қауымдастықты ағартатын әлем құру қажет екенін атап өтті.

«Ғылыми форум – өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін шоғырландыратын және олардың ғылымға деген адалдығын көтермелейтін коммуникативтік алаң. Мектеп оқушыларына арналған ғылыми форумның мақсаты – ғылым, инновация және өнертабыстың түрлі салаларындағы мәселелерді шешуге бағытталған жасөспірімдердің ғылыми жобаларын көрсету. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен алғаш рет 700-ден астам оқушы, сондай-ақ Қырғызстан, АҚШ, Индонезия, Өзбекстаннан келген оқушылар қатысады. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де осы форумның өсіп келе жатқан танымалдылығын айғақтайды», – деді ICSC Президенті Ләззат Құсайынова.

Бұл шараның ерекшелігі – форум спикерлері шетелде халықаралық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары атанған балалардың өздері, сондай-ақ ғылыми әзірлемелері патенттеу немесе авторлық құқықты тіркеу сатысында тұрған жасөспірімдер болды.

Іс-шара соңында Президенттік орталықтың музейі бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Онда форумға қатысушылар президенттік институтты дамыту призмасы арқылы Қазақстанның мемлекеттілігінің қалыптасу тарихымен егжей-тегжейлі танысты.

Атап өткен жөн, Президенттік орталықтың жастардың азаматтық санасын қалыптастыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақтың жасампаз құндылықтарын нығайтуға бағытталған мәдени-білім беру қызметі ұйым басымдықтардың бірі саналады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың басынан бастап ҚР ПІБ Президенттік орталығы Қазақстанның орта оқу орындарының 600-ден астам оқушысын қамти отырып, 20-ға жуық түрлі мәдени-білім беру іс-шараларын өткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button