Қоғам
Гидтер мен экскурсоводтардың І форумы өтеді

2025 жылдың 21 ақпанында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының ПІБ Президенттік орталығында Елордалық гидтер мен экскурсия жетекшілерінің І форумы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Аталған іс-шара Астана қаласының әкімдігімен, “Астананы дамыту орталығы” ЖШС-мен, Астана гидтер клубымен, Қазақстанның гидтер және экскурсоводтар одағымен, «Kazakh Tourism ҰК» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды. Форум 21 ақпанда атап өтілетін Бүкіләлемдік экскурсоводтар күніне орайластырылған.
2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев орнықты туризмді дамытудың маңыздылығын атап өтіп, оны ілгерілету жөніндегі күш-жігерді жандандыруды тапсырды.