Шаһар шежіресі

Гимнасшылар Грекиядан табысты оралды

Грекия астанасы – Афиныда көркем гимнастикадан VIII «Афродита кубогы» халықаралық турнирінде елордалық гимнасшылар 4 медальға ие болды.

Бұл бәсекенің жекелей сынында ұлттық құраманың 3 спортшысы, яғни Астана қаласының №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің гимнасшылары жүлдеге қол жеткізді.

Атап айтар болсақ, елордалық гимнасшы Эрика Жайлауова ұршықпен өнер көрсетуде қола жүлдегер атанды. Ал Дария Көшербаева шеңбермен өнер көрсетіп, 4-орынға тұрақтады. Жастар арасында өнер көрсеткен Айым Мейіржанова мен Ақмарал Ерекешева жүлделі орын алды. Олар лентамен жаттығу барысында көпті тәнті етті. Айым – қола, Ақмарал күміс медаль алды.

Топтық сайыста жасөспірімдер арасында Астана қаласының «Фурор» командасы 5 секіргішпен финалда қола жүлдені жеңіп алды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button