Елорда тынысы

Гимнастика орталығы ашылды

Астана қаласындағы А.Бөлекбаев көшесінде көркем гимнастика орталығы ашылды.

Жаңа орталықтың аумағы 1000 шаршы метрден асса, биіктігі 14 метр­ге жуық. Енді көркем гимнастика талаптарына толықтай сай кешенде гимнасшылар жаттығу өткізіп, шеберлігін шыңдайды.

Жас спортшылар бұған дейін жаттыққан Тәуелсіздік сарайына жөндеу жұмысы жүргізіліп, балалар жарысқа дайындықты әртүрлі жерде өткізуге мәжбүр болған еді. Енді Астанадағы балалар мен жасөспірімдер осы жерде алаңсыз дайындала алады.

Орталықтың ашылу салтанатына Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, №1 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебіннің директоры Сайранбек Әбілқайыр қатысты.

Қалалық спорт басқармасының басшысы жаттықтырушыларды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұл орталықтың ғимараты жалға алынған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button