Голбол – ерекше балалар жарысы

Бүгін елордада ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында голболдан «Сылдырмалы доп» республикалық жарысы өтеді.
Жарыста 150 оқушы сынға түсетін болып отыр. Бұл туралы Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы мәлім етті. 25-31 наурыз аралығында өтетін ерекше жарыстың қорытындысында «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша мықтылар анықталады. Жүлделі орындарға ие болған команда мен жаттықтырушылар кубок, диплом және медальдармен марапатталады.
– Бұл жарыс спортты насихаттау және дамыту, мектеп жасындағы балаларды голбол сабақтарына тарту, сондай-ақ голболдан ұлттық құраманың резервін қалыптастыру үшін талантты ойыншыларды анықтауды көздейді, – дейді Спорттық іс-шаралар, статистика және аналитика бөлімінің басшысы Мира Мухамадиева