Сараптама

Грантқа кімдер лайық?

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет басшысы бекіткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

[smartslider3 slider=3644]

Конкурсқа 14-29 жас аралығындағы жастар үміткер бола алады.

2022 жылы конкурс шеңберінде 30 грант беріледі, олардың әрқайсысы 3 миллион теңгеден болады.

Грантты тағайындаудың мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады. Оны алуға конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кіші емес және жасы 29-дан үлкен емес Қазақстан азаматтары үміткер бола алады.

Гранттар Қазақстан азаматтарына келесі бағыттар бойынша жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобалар мен зерттеулерді іске асыру үшін;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT-шешімдер мен жобаларды, оның ішінде бастаушы стартап-жобаларды іске асыру және әзірлеу үшін;

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін;

«Медиа» – жаңа медиа-жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контентті құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 14 тамызға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); байланыс телефондары: 8(7172)74-12-78, 8(702-000-88-12).

Электрондық нұсқаны пошта арқылы generation.kaz@gmail.com жіберу керек. Конкурстық өтінімдер мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button