Елорда тынысы

Гроссмейстермен кездесті

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Динара Сәдуақасованы қабылдады.

Әкім Алматыда өткен әлем чемпио­натында жылдам шахмат бойынша күміс жүлде алған Динара Сәдуақасованы жарқын жеңісімен құттықтап, ел намысын алдағы уақытта да лайықты деңгейде қорғайтынына сенім білдірді.

Кездесу барысында мектепте «Шахмат» пәні факультатив ретінде оқыту және шахмат қозғалысын жан-жақты дамытудың маңызы айтылды.

Динара Сәдуақасова Астана қаласының әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғысын айтып, спорттағы мансабына қатысты алдағы жоспарымен бөлісті.

Жасөспірімдер және жастар арасында өткен әлем чемпионатында төрт рет ұтқан ол 16 жасында Қазақстан әйелдері арасында шыққан ең жас гроссмейстер атанды. Қазір Астана шахмат федерациясының құрметті президенті.

Еске сала кетейік, биыл көктемде Астана қаласында шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Байрақты спорттық іс-шарада отандас шахматшылар табысты өнер көрсетуі маңызды екені анық.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button