Ел тынысы

Қазақстанда арулар ең бірінші қай гүлді жақсы көреді?

Қазақстандық арулар ең бірінші кезекте раушан гүлін жақсы көреді екен. Одан кейінгі орында хризантема мен лалагүл тұр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz 

Ертең көктемнің басты мерекесі, аналар мен арулардың мейрамы – Халықаралық әйелдер күні. Кұшақтар гүлге, жанарлар нұрға толатын күн. Осыған орай Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сырт елдерден гүлдерді әкелуге байланысты қызықты деректермен бөлісті.

2024 жылдың қаңтар айында Қазақстанға салмағы 639,7 тонна гүл немесе 12,1 млн. дана гүл талы әкелінген екен, оның құны 5 млн. АҚШ долларына тең.

«Сұранысы ең жоғары – раушан гүлдері: салмағы 411,2 тонна немесе
9,3 миллион дана гүл талы әкелінген, оның құны – 3,4 миллион АҚШ долларына жуық.

Екінші орында – хризантемалар (салмағы – 71,9 тонна немесе
1,1 млн. дана гүл талы, құны 553,8 мың. АҚШ доллары), үшінші орында – лалагүл (салмағы – 15,2 тонна немесе 220,2 мың дана гүл талы, құны
104,2 мың АҚШ доллары).

Сонымен қатар, қалампыр да жоғары сұранысқа ие, оны 9,3 тонна салмақта 68,2 мың АҚШ долларына әкелген. Басқа да жаңа қиылған гүлдер бар. Олар – қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс, ирис, гортензия және басқа да экзотикалық гүлдер. Салмағы – 132,1 тонна, құны 808,6 мың. АҚШ доллар тұрады», – делінген ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Биыл гүлдер негізінен Эквадор (404,2 тонна), Нидерланды (105,4 тонна), Колумбия (49,3 тонна), Қытай (16,3 тонна), Кения (44,8 тонна), Өзбекстан (9,2 тонна) және Израиль (2,7 тонна) елдерінен әкелінді.

Сондай-ақ өткен жылы ең көп әкелінген раушан гүлдерінің салмағы
5 мың тонна болды, саны – 111,0 млн. дана, құны – 39,9 млн. АҚШ доллары. Одан кейін хризантема гүлі (салмағы – 1,0 мың.тонна немесе 15,8 млн. тал әлде 7,5 млн. АҚШ доллары) және лалагүлі (салмағы – 220,7 тонна немесе 3,3 млн тал әлде 1 493,7 мың АҚШ доллары) жоғары сұраныста болған. 2023 жылы Қазақстанға барлығы салмағы 8,5 мың. тонна болатын, құны
60,1 млн.АҚШ долларына тең гүлдер импортталған. Ал қазақстандық раушан гүлдер Өзбекстанда сұранысқа ие болыпты. Былтыр барлығы 27,1 тонна, құны 40,4 мың АҚШ долларын құрайтын гүлдер экспортталған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button