Мәдениет

«Гүлдердің» гала-концерті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблінің 55 жылдық мерейтойына арналған гала-концерті өтті.

Концерт бағдарламасында арнайы әзірленген эксклюзивті аспаптық-хо­реография­лық қойы­лым­дар мен жаңа хорео­гра­фия­лық композиция­ның тұсаукесері, авторлық әндер, танымал әртістермен ұтымды коллаборация және классикалық өнердің жаңа интерпретациясы ұсынылды. Сондай-ақ аңызға айналған әртіс­тер мен жас таланттар бір сахнада өнер көрсетті.
Іс-шараға Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов қатысты. Ол Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын жеткізді.

Сондай-ақ концертте Қазақстанның халық әртісі, қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жеңіс Сейдоллаұлы, Айгүл Елшібаева, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары Әлібек Әлмадиев, Әділхан Макин, респуб­ликалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Мәди Рымбаев, Қуандық Шалқар, Меруерт Бахыт, «Астана сазы» қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі, Astana musical мемлекеттік театры, TURAN этно-фольклорлық ансамблі, «Самға» тобы және Gulder ансамблі өнер көрсетті.

Белгілі қазақстандық әншілер Жанар Дұғалова, ARO және танымал қазақстандық қобызшы Олжас Құрманбек мерейтойлық концертте көрермендер үшін арнайы өнер көрсетіп, кештің көркін қыздырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button