Шаһар шежіресі

Гүл – өмір сәні

Қысы-жазы әдемі гүлдер өсіретін «Заречный» совхозын Целиноградтың байырғы тұрғындары ұмыта қоймаған шығар?!

[smartslider3 slider=3476]

Бұл шаруашылықтың қыз-келіншектері гүлдің түр-түрін егіп, жыл бойы бір тыным таппайтын. Міне, солардың ерен еңбектерінің арқасында қала тұрғындары қақаған қыс кезінде де түрлі салтанаттарға осы жерден келіп, раушан, баршынгүл (гладиолус), қалампыр, хрезантема, тағы басқа да құшақ-құшақ гүлдерді сатып алып жататын.

[smartslider3 slider=3477]

Өздерінің жемісті жұмысы қалалықтардың көңіл-күйін көтеретінін жақсы түсінетін гүл өсірушілер сүйікті істеріне жандарын салатын. Ал қазір гүл де, гүлзар да басқаша. Бірінші суретте: 1972 жылдың 29 маусымы, гүл өсірушілер Р.И.Хуторная, ­М.П.­Винокурова мен бригадир М.Н.Загрива жұмыс үстінде.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button