Басты ақпарат

Гүл жайнаған елорда

 Елорданың жасыл желегі бұрынғысынан да көркейіп, жайқала түспек. Биылдың өзінде 20 мыңға тарта ағаш-тал егіледі. Сонымен бірге, «Астана-Жасылқұрылыс» қала көшелеріне сән беретін гүлдердің түрлерін де, санын да көбейтіп отыр. 

Олардың ішінде шырайгүл, тагетес, кербезгүл, абелия, үлпек, сальпиглоссис сияқты біржылдық гүлдердің 50 түрі бар. Мұнымен қоса, қала көгалдарында айылқияқ, сарана, раушан сияқты көпжылдық гүлдердің 30-дан астам түрі отырғызылады.
Сондай-ақ, елордада көпжылдық гүлдерден, бұталар мен раушандардан түзілген сан алуан гүлзарлар – миксбордерлер жасалады.
Қала көркін келтіруші декоративті жасыл мүсіндер қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналып келеді. Елорданың мерейтойы аталып өтетін осы жазда қала көшелерінде гүлден өрілген піл, барыс пайда болып, қыран құс пен аққу бейнесі қатар қонақтамақ.
Бұдан бөлек, әсем гүлдер гүлзарлар, алаңдар және аулаларды абаттандырудың негізгі элементтеріне айналады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button