Мәдениет

Гүлмираның гүл-көктемі

Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж.Жабаев атындағы концерт залында осы оқу орынның «Дәстүрлі ән» кафедрасының аға оқытушысы, әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Саринаның «Ән қанатындағы гүл-көктем» атты концерті өтті.

[smartslider3 slider=2740]

Әншінің көптен бері шәкірттерімен бірге концерт берсем деген жоспары бар еді. Сол сәтті жүзеге асты. Концерттік бағдарламада халық әндері, халық композиторларының әндері мен кеш иесінің авторлық әндері болды. Ал осы концерт арқылы шәкірттері үлкен сахнаға алғаш қадам басты деп айтсақ болады.

Гүлмира Саринаның өнер жолын бастағанына отыздан жылдан асты. Соның негізгісі елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өтіп келе жатыр. Бой жеткен кезде сол кездегі Целиноград қаласына келіп, педагогикалық институтта оқыды. Жергілікті филармония­да, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында, Президенттік мәдениет орталығында жұмыс істеді. Өнері өрлеп, кейіннен композиторлық қыры ашылды. Өзі де өзіне дейінгі композиторларды құрмет тұтады.

Осы кештің бір бөлімін де Майра Уәлиқызының шығармашылығына арнады. Сондай-ақ концертке «Қорқыт» этноансамблі қатысты.

Гүлмира Сарина кешінде есті әндермен көрермендердің құлақ құрышын қандырып, жан сарайын ашты. Үш ішекті домбыраның шығу тегі Абай елінен тарқатылады. Гүлмира сол елден шыққан соң осы домбыраны да меңгерген. Бір әнді ол үш ішекті домбырамен шырқады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button