Жаңалықтар

ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ғылыми-практикалық конференцияЕуразия гуманитарлық институтында «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

 

Пленарлық мәжіліске қатысқан экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Тұран» білім беру корпорациясының вице-президенті Орақ Әлиев, филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркі академиясының ғалым-хатшысы Балтабай Әбдіғазиұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасының меңгерушісі Бауыржан Сәрсекеев, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның мүше-корреспонденті, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уиверситетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия гуманитарлық институты оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қадыр Ахметов, «Республика» ЗЖҚ» акционерлік қоғамы басқармасының кеңесшісі Әлия Ахмалишева, филология ғылымдарының кандидаты, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті филология факультетінің шетел филологиясы кафедрасының доценті, «Paris West University Nanterre La Defense» университетінің PhD докторанты Гүлнәр Сәрсекеева, заң ғылымдарының кандидаты, Еуразия гуманитарлық институты мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының доценті Абылайхан Аккулев көптеген тақырыпта баяндамалар жасап, көңілге қонымды ұсыныстар айтты.

Конференция жұмысына Украина ғалымдарымен қатар еліміздің көптеген қалаларынан білім және ғылым, саясат салалары уәкілетті органдарының, түрлі жалпы орта, кәсіптік, жоғары, қосымша кәсіптік білім бағдарламаларын жүзеге асырушы білім беру ұйымдарының 180-нен астам өкілі қатысты.

Мәжіліске қатысушылар қазіргі уақытта білім берудің басты ұстанымдарының бірі тұлғаның рухани дамуына, ішкі мәдени әлеміне өзінше әсер ететін гуманитарлық қырын жетілдіру болып табылатынын атап көрсетті. Сондай-ақ, олар білім беру, ғылым, мамандарды даярлау мен қайта даярлаудағы басымдықтарды таңдауға деген технократиялық көзқарастың ауа жайылуына алаңдаушылықтарын білдірді.

 

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button