Елорда тынысы

Хабарландыру!



Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығының талаптарына сәйкес және ЖАО жауапкершілігіне жататын, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету туралы қолданыстағы заңнаманың өзге де талаптарын басшылыққа ала отырып, қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

Қоғамдық талқылаулар 2024 жылғы 11 маусымда, сағат 11:00-де Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді. Заңды/жеке тұлғалардың өтініштері негізінде қаралатын мәселелер: 1. Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Түркістан және Бұқар жырау көшелерінің шекараларында «4-5 қабатты емхананы, паркингті, кіріктірілген-жапсарлас үй-жайларды және кіріктірілген үй-жайлары бар көпфункционалды тұрғын үй кешенін» орналастыру бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету туралы тапсырыс берушісі «BINA Group» ЖШС өтінішін қарау. 2. Астана қаласы, «Есіл» ауданы, № 31 және № 38 (жобалық атаулар) көшелердің қиылысу ауданында «Әкімшілік ғимараты» нысанынан «Мектеп» нысанына өзгерту бөлігінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету туралы тапсырыс берушісі «Singapore International School Kazakhstan» ЖШС өтінішін қарау.   Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар электрондық мекенжайға қоғамдық талқылаулар басталғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін n.galymzhan@astana.kz немесе Астана қ., А. Мамбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол мерзімде қабылданады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button