Денсаулық

Халида ШӘРІПОВА: ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ КӨБІ СЕРІКТЕСІП БОСАНУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Халида ШӘРІПОВА

Халида ШӘРІПОВА, Астана қалалық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары

Жазира:
– Қаламыздағы Ана мен бала орталығында есепте тұрмын. Қазір жүктілігімнің мерзімі – 36-37 апта. Сіздің перзентханада босанғым келеді. Ол үшін қандай құжаттар керек және маған медициналық қызмет ақылы түрде көрсетіле ме?
– Жоқ. Медициналық көмек сізге тегін көрсетіледі және Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, перзентхананы өзіңіз таңдайсыз.

Бибісара:
– Бірінші баламды туғаннан кейін сәбиім екі сағат кеудемде жатты. Бұл жолы маған ота жасалынады, сәбиімді жұбайымның кеудесіне жатқызуға бола ма?
– Міндетті түрде. Сізге ота жасаған кезде сәбиіңіз жұбайыңыздың кеудесіне жатады. Ота біткеннен кейін сәбиіңіз өзіңізге тапсырылады.

Нәдира:
– Жүктілік мерзімім – 41 апта 4 күн. Перзентханаға жатуға жолдама алдым. Мені босануға дейінгі бөлімшеге жатқыза ма әлде тағы біраз күн күтем бе?
– Перзентханаға түскен бетте дәрігерлер сізді қарайды және босанудың стимуляция­лау жоспар бойынша өткізеді.

Меруерт:
– Бүгінгі таңда босанушы әйелдердің басым бөлігі сәбиі дүниеге келерде жанында серіктесінің болғанын қалайды. Серіктесіп босану туралы сіз не айтасыз?
– Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының нұсқауы бойынша қазіргі кезде елімізде серіктесіп босану кеңінен қолданылуда. Себебі, босанудың бұл түрі босанушыға моральдық-психологиялық демеу және күш-жігер беруге нақты септігін тигізеді.
Рас, бүгінде жүкті әйелдердің басым бөлігі оны қолдайды. Мұндай жағдайда медициналық қызметкерлер де серіктеспен бірігіп босанушы әйелге психологиялық көмек көрсетеді. Жалпы, біздің перзентханада күніне отызға жуық әйел босанады. Олардың үшеуіне бір акушер тағайындалған. Нәресте дүниеге келген сәттен анасымен бірге болады, барлық медициналық процедура босанушының немесе серіктестің көзінше жасалады және артық манипуляциялар азаяды. Сондықтан, серіктес босануды біздің перзентхана ұжымы да дұрыс деп есептейді.

Мөлдір:
– Қазіргі кезде босанғаннан кейін перзентханада-ақ балабақша кезегіне тұруға болады дегенді естідім. Осы рас па?
– Бұрындары бізде қалалық әділет органдарының қызметкерлері жұмыс істеген. Қазіргі кезде олар өз жұмыстарын халыққа қызмет көрсету орталығының мекемелерінде ғана атқарады. Сондықтан, перзентханадан шыққаннан кейін өзіңіз тіркелген ауданға қарасты халыққа қызмет көрсету орталығына барып, сәбиіңізді балабақша кезегіне тіркеуіңізге болады.

Ралида:
– Жүктілігімнің мерзімі – 9 апта. Гете көшесіндегі №1 үйде тұрамын. Қалалық перзентхананың емханасына жүктілігім бойынша есепке тұра алам ба?
– Біздің емханаға ақысыз есепке тұру үшін өзіңіз тіркелген емханадан медициналық көрсеткіш бойынша жолдама алып келіңіз, сосын есепке тұруыңызға болады. Медициналық көрсеткіштеріңіз болмай, жолдама берілмесе, сіз біздің емханада ақылы түрде қызмет ала аласыз.

Мәдина:
– Халида Көбентайқызы, сіздің перзентханада босанатын әйелге бір реттік киім беріле ме?
– Иә, қалалық перзентханада әрбір босанушыға міндетті түрде бір реттік киім және төсек жабдықтары беріледі. Қазіргі кезде ВИЧ, гепатит ауруларының алдын алу мақсатында бір реттік ине, шприц, киім, төсек жабдықтары және басқадай барлық медициналық көмек көрсету жабдықтары да пайдаланылады.

Қызғалдақ:
– Қайырлы күн! Жүктіліктің 38-інші аптасында өз қалауым бойынша босануды жеделдету мүмкін бе?
– Жоқ. Себебі, босану әйелдің қалаған уақытында емес, табиғи жолмен толғақ келген кезде басталуы керек. Медициналық көрсеткіштер болған жағдайда, атап айтсақ, жүктіліктің асқынуы немесе босану уақытынан асып кеткен кезде, яғни жүктіліктің 38-42 аптасында босануды қоздыру көрсеткіші болуы мүмкін. Басқадай жағдайда толғақты күткен жөн.

Әсел:
– Іштегі нәрестенің кардиотокографиясын өту үшін дәрігер маған сіздің емханаға жолдама берді. Қай уақытта, қандай кабинетке барып жолығып, тексеруден өтсем болады?
– Біздің емханаға келіп, таңертеңгі сағат 8-ден 16.00-ге дейін екінші қабаттағы 222-кабинеттегі дәрігерлердің қабылдауына жазылу арқылы кардиотокографияны өте аласыз.

Алина:
– Қайырлы күн, Халида Көбентайқызы?! Жүктілігім бо­йынша ақылы есепке тұрып, босануыма бола ма?
– Әрине, болады. Ол үшін біздің перзентхананың емханасына келіп, тіркеу бөліміне тіркелесіз. Ал, босанар алдында ақылы түрде босанғыңыз келетіні жөнінде өтініш жазып, перзентханамен келісімшартқа отырасыз.

Жұлдыз:
– Осы жылдың мамырында қалалық перзентханада босанғанмын. Сәбиімнің дүниеге келуі өте ауыр жағдайда өтті. Шынымды айтсам, дәл осы перзентханада босанғаныма қуандым. Қиналған сәтте қасымнан табылып, барлық көмектерін аямаған дәрігерлерге, босанғаннан кейінгі бөлімшенің акушерлері мен медбикелеріне, бас дәрігер Зайтуна Ғаділқызы Хамидуллинаға шын жүректен алғысымды білдіремін. Маған жасаған жақсылықтарыңыз Алладан қайтсын! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
– Сәлеміңізді міндетті түрде жеткіземін. Сауығып кетіңіз. Жалпы, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жұмысы жеңіл емес. Күніне қаншама рет өлім мен өмір үшін күресуге тура келетін сәттер кездеседі. Бұл ретте біздің дәрігерлер екі бірдей адамның, яғни, босануға келген ана мен оның нәрестесінің өмірін сақтап қалуға тиіс. Сондықтан олардың еңбегін ескеріп, жұмысымызға түсіністікпен қарағаныңыз үшін сізге де рақмет. Біз үшін пациенттердің барлығы бірдей. Бастысы, ана мен баланың дені сау, жағдайлары жақсы болса болғаны. Перзентханамызда ай сайын этика және деонтология туралы семинарлар өткізіліп тұрады. Онда денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің пациенттермен қарым-қатынастағы әдебі, олардың өзін ұстауы туралы кеңінен әңгіме қозғалады. Бұл бағыттағы жұмыстар жыл бойы жалғасады.

Аида:
– Менде жатыр қосалқасының ісігі бар. Дәрігерлер ота жасатуым керек дейді. Сіздерде лапораскопиялық ота жасала ма?
– Жатыр қосалқасының ісігіне бізде лапораскопиялық ота жасалады. Ол үшін сіз өз емханаңызға барып қажетті тексерістерден өтіп, бізге жолдама алып келесіз. Бұл ота қалалық перзентханада тегін жасалады.

Айдана:
– Биыл қыркүйек айында қалалық перзентханада босанбақшымын. Айтыңызшы, босануға барған кезде өзіммен бірге қандай құжаттар болуы керек және қандай заттар ала баруым керек?
– Өзіңізбен бірге жүктілік картасы, жеке куәлігіңіз, тазалық және жеке гигие­на заттары, нәрестеге қажетті дүниелер, атап айтсақ, памперс, жаялық, киім-кешек болуы керек.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

8 пікірлер

  1. Саламатсыз ба Мен жуктиликтин 35-36 аптасындамын. 2 кызымды озим тудым ол кезде кан кеткен болатын. 3 баламда баланын жолдасы ажырап кетип аяк астынан кесор тилигин жасаттым. Енди тагы кесор тилигин жасатуга парталды кутип отырмын. Куннен кунге жагдайым киындап бара жатыр, салмагым ауырлап, аяк колым исип, кесор тилиги жасалган жерим томенге тартып ауырады. Неше аптада кесор тилигин жасатуга болады. Алдын ала рахмет жауап кутем.

      1. Құрметті Айсұлу! Сіздің сауалыңызға орай, Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «Ана мен баланы қорғау» бөлімінің басшысы Ермек Шамгунованың жауабын ұсынамыз:
        «Кесір тілігін қай мерзімде жасау керектігін өзіңізді бақылап жүрген дәрігер белгілейді. Ал егер ішіңіз төмен тартып ауырса, жатыр жарылмас үшін шұғыл арада жедел жәрдем шақыртып, Перинаталдық орталыққа баруыңыз қажет».

  2. Салеметсізбе?!
    Менің жүктілігіме 28 апта болды.Озім эпилепсиямен учотта турамын.Жағдайым ауырлап күннен күнге қиындап барады.Белім іішім қатты ауырып,тынысым тарылып жүріп түруым қиындап барады.Дəрігеріме барсам дюфестон таблеткасын ішебер,өзі сондай болып турады деп қайтарады.
    Мен қатты қиналып журмін,басқа амалы жоқпа.Толғақ уколмен босандыруғама?кесарваменба ?амалдары жоқпа бамқа?

  3. Саламатсызба менин жуктилигим 38 аптпа болды. 36 апта да узи маган жолдасы томен деген озим босана аламба? 3балам бул бурын 2еуин озим туган. Откен апта да тынысым тарлып догдыр маган дари берген журек тин соны ишкенен бери бир турли болып журмин балам ондай козгалмайтын секилди. Егер саби олип калса иште адамнын кай жери ауырады алде билинбей журе берема? Осыны билейин деп едим.

  4. Салеметсиз бе!Сиздерден сурайын дегеним мен 41 апатадан асып 42 аптага кетип бара жатыр,маган уакытты мамырдын 21 деп берген болатын’?Астана каласында Достык больницасында тиркеудемин,бирак ол емхана гинекологтары унамайды,мен сол себепти олардан жон сурауга баргым келмей отканы,неше уакыт куткеним дурыс?Барсам толгак келтиретин арекет жасай ма?

Пікір үстеу

Back to top button