Мәдениет

Халық ойындарының қызықтары

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне «Жастар» сарайында  Халық ойындарының ІІ қалалық фестивалі өтті. 

«Үлкен ел – үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасы шең­беріндегі іс-шараның ұйымдастырушылары – Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен әкімдікке қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесі.
– Былтыр алғаш рет өткен бұл фестиваль астаналықтардың көңілі­нен шығып, биыл «Халық ойындарына» қызығушылық танытқандар қатары көбейе түсті. Мәселен бүгін күрд, қыр­ғыз, өзбек, татар, башқұрт, неміс, беларусь сынды этно­мәдени бірлестіктер мен ел­ор­далық аула клубтарының оқушыларынан құралған 7 топ қатысады. Бұл – балалардың көңілін көтеретін ойындар ғана емес, әр ұлттың мәде­ниеті арқылы жас буын­ды ынтымақ-бірлікке тәр­бие­лейтін тағылымды жүз­десу» дейді Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблея хат­шылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.
Бағдарлама барысында қазақ­тың асық пен арқан тартысы, сондай-ақ, башқұрттардың «жұмыртқаны қасыққа салып жүгіру», беларусьтердің «картоп отырғызу», тәжік халқының «аспакбози» сынды ойындары ойнатылды. Ал, мерекелік сахнада Қазақстан, туған жер тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалып, ұлттық билер көрініс тапты.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button