Мәслихат

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ – ЕҢБЕК ҰЖЫМДАРЫНДА

Қалалық мәслихаттың депутаттары Қазақстан мүгедектері одағы мен «Тұран-Профи» Халықаралық Кәсіптік Академиясында болып,­ тыныс-тіршілігімен танысты.

Мәслихаттың кезекті сессиясына дайын­далу барысында бұл шара «Жұмыс­пен­ қамту-2020» бағдарламасының Астана қала­сын­­да қалайша іске асырылып жатқанын білу мақ­са­тын­да ұйымдастырылды. Осыған орай, халық қалаулылары алдымен Қазақстан мүгедектері ода­ғы­на бас сұқты. 2005 жылы ашыл­ған мекемеде мү­ге­дектердің жұмыс істеуі­не барлық жағдай жасалған. Мекемеде жыл сайын «Шексіз мүм­кіндіктер» атты акция ұйымдастырылады екен. Бұл өз кезе­гінде, мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тар­дың жұмысқа орналасуы мен олардың қоғам­дық­ өмірге бей­ім­­де­­луіне жол ашады. Одақтың арқасында 2011 жылы мүмкіндігі шектеулі аза­мат­тар­ға лайықталып салынған «Жанат» тұрғын үй кешені пайдалануға берілген. Ал, 2012 жылы қазіргі заман жағдайында мүгедектерді жұмысқа орна­лас­тырудың жобасы әзірленді. Сонымен бірге одақ жанында мүгедектер арбасын жинас­ты­ру мен жөндеу цехы жұмыс істейді. Онда осы мүм­кін­дігі шектеулі адамдардың өздері жұмыспен қам­тыл­ған. Тағы бір жаңалық: Астанада мүге­дек­тер­ге арналған арнайы көлік түрі – инватакси іске қосылған. Өкінішке қарай, бүгінде бас қала­мыздағы қоғамдық көліктерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау жағы мүлде қарас­тырылмаған.

– Бүгінгі таңда Астанада осындай бес инва­так­­си бар. Бірақ, бұл тым аздық етіп отыр. Жүріп-тұру ыңғайлы болу үшін бізге әлі де осындай 20 көлік керек, – дейді Қазақстан мүгедектері одағының президенті Жанат Омарбеков.

Шынында да, бүгінде қолда бар бес инватакси қаладағы арбаға танылған 580 адамның бәріне бірдей уақытылы қызмет көрсете алмайды. Осы­ған­ орай, елордалық халық қалаулылары бұл­ мә­се­ле­нің шешілуіне қолұшын беруді қарас­тыратын болды.

Сонымен бірге мүгедектердің жұмыспен қам­ты­луы да әлі күнге дейін өзектілігін жоймай­ келеді. Бұл ретте Ж.Омарбеков бірде-бір мем­ле­кет­тің мүмкіндігі шектеулі азаматтарды толықтай қам­қор­­лы­ғына ала алмайтынын ес­кере отырып: «Бізге мүгедектерге арналған қажетті жұмыс орындары мен жұмыс­ бе­ру­шілердің тізімін берсеңіздер. Дене мүше­леріндегі кемістіктер болмаса, біз де барлық адамдармен бірдейміз, мүгедектер де жұмыс істей алады. Сондықтан олар қоғамнан шеттетілмеуі керек» деп, оларды­ жұмыспен қамту қажет­тігін алға тартты.

«Тұран-Профи» Халықаралық кәсіптік академиясында болғанда аңғарғанымыз, атал­мыш­ оқу орны келесі оқу жылынан бастап оқушы­лар­ды инженер мамандығы бойынша да оқыт­пақшы. Академияның ректоры Манен Омаров­ депутаттар­ды­­ осы бағытта жүргізіліп жат­қан­ жұмыстармен таныстырды.

Жалпы, білім мекемесі электроника және­ ра­дио­тех­ника саласында елеулі та­быс­­тарға қол жеткізген. Кездесуде діттелген жеріне жықпыл-жықпыл кедергілерді де елемей жетуге қабі­лет­ті оқу роботтары депутаттар назарына ұсынылды. Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 көрмесіне дай­ын­дық­ шеңберінде академияда көп жұмыстар жүргізіліп жатқанына куә болып қайттық.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button