#Жаңа Қазақстан

Халық қарызға батпасын

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық округ бойынша кандидат Нұрайнаш Камалова «Атырау Нефтемаш» ЖШС ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Депутаттыққа кандидат сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ өз сөзінде несие мөлшерлемесін төмендету қажет екенін атап өтті. Іс-шара барысында кандидат тұрғындардың сұрағына жауап берді.

Кеше ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Берік Жағыпаров «Үгіт-насихат пойызы» шеңберінде Ұлытау облысы Жәйрем ауданына сапармен барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында өңірдің өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстандықтардың әл-ауқаты деңгейін арттыруды басты мақсат еткен бұл партия тәуелсіз Қазақстанда билік халыққа тиесілі болуы қажет деп санайды. Сондай-ақ саяси реформалар бағытын күшейту, халықтың еңсесін көтеріп, олигархтарды әшкерелеу, әркімге қолжетімді әлеуметтік қолдау жасау, мықты ауыл – ел қауіпсіздігінің негізі сынды үндеу көтеріп, халықтың әл-ауқатын жасқартуға, кедейлікті жою мәселесіне баса назар аударуда. Үгіт-насихат жұмысын жүргізу барысында білім саласының өзекті мәселелерін көтеріп, білімді азаматтарымыздың шетел асуына тосқауыл қою үшін барлық қазақстандық үшін тегін жоғары білім енгізу жүйесін қалыптастыруды, білім беру мекемелерінің лицензиясын тексеру және кері қайтарып алуды ұсынған болатын.

Айта кетейік, бүгін ЖСДП ұйымдастыруымен «ЛРТ – жемқорлық ескерткіші» тақырыбында рұқсат етілген митинг өтеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button