Қоғам

“Халық қатысатын бюджет” жобасына өтінімдер қабылдау басталды

Елордалық Байқоңыр ауданында “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында абаттандыру бойынша өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Өз ұсыныстарын ауданның кәмелетке толған барлық тұрғындары жібере алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның мақсаты – тұрғындардың бастамасы мен ұсыныстары бойынша ауданды абаттандыру.

Ұсыныстарды Байқоңыр ауданы әкімдігінің WWW.BAIKONYR-ASTANA.KZ ресми интернет-ресурсының “Халық қатысатын бюджет 2025” бөліміне жіберуге болады. Ұсынысты жіберу үшін өтінімді толтыру қажет (жобаның атауын, оның сипаттамасын көрсету), эскиз бен сметаны (индикативті болуы мүмкін), ағымдағы күйдің фотосуреттерін, қалауыңыз бойынша презентацияны тіркеу қажет. Осы бөлімде осы жобаның ережелері, типтік жобалық ұсыныс, жоба бойынша іс-шаралар мерзімі, сараптамалық кеңестің құрамы көрсетілген.

Сараптамалық кеңестің шешімі негізінде Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты жобалық ұсыныстарды іске асыруға кіріседі. Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері және жобаны іске асыру әкімдіктің интернет-ресурсында жарияланатын болады.

Егер жобалық ұсынысты дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, оны биыл қалалық бюджет қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылады.

Өтінімдер 2025 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.

“Халық қатысатын бюджет” жобасы аясындағы қосымша сұрақтар жөнінде төмендегі байланыс нөмірі бойынша білуге болады: +7 701 553 2627, абаттандыру бөлімінің басшысы Рахат Кенжетаев.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Астанада барлығы 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылады. Мұндай жұмыстар қаланың барлық аудандарында жүргізілуде, соның ішінде тұрғын алаптары да қамтылған. Жұмыстың көп бөлігі аяқталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button