ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Халық санағы – болашақ бағдары

Елордада 2021 жылғы халық санағы аясында интервьюерлердің үйлерді жаппай аралауы жалғасуда. Бұл жұмыс осы жылдың 30 қазанына дейін жүргізіледі. Сұхбат берушілердің көпшілігі халық санағы мемлекеттік маңызды іс екенін айтады. Халық санағы бойынша Нұр-Сұлтанда барлығы 1500-ге жуық интервьюересептеуіш жұмыс істейді.

[smartslider3 slider=179]

– Сарыарқа ауданында халық санағын өткіземін. Өзімнің шынымен сұхбат алушы екендігіме көз жеткізу үшін тұрғындар тиісті төлқұжатымды, sanaq.kz сайтында тексеруге болатын кодты сұрайды, – деді елордалық интервьюер Тынабек Аманбаев.

Зейнеткер Раиса Коновалова әрбір азамат сенімді деректің бәрін ұсынуы керек деп санайды: «Халық санағы – міндетті. Бұл – Қазақстандағы үшінші халық санағы, біраз уақыт өтті, экономикада көптеген өзгерістер болды, демография­лық жағдай мүлдем басқаша қалыптасты. Кім өмір сүретінін, қанша адам бар екенімізді, қайда жұмыс істейтінімізді, қандай жағдайда өмір сүретінімізді білу керек. Санақ нәтижелері тұрғын үй құрылысын жақсарту және кеңейту жөніндегі қандай да бір мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру қажеттігін көрсететініне сенімдімін. Сондай-ақ еңбекке қабілетті халықтың санын тіркейді, бұл бізде жұмыс орындарының жеткілікті екенін көрсетеді. Сондықтан қазір халық санағы міндетті деп есептеймін».
Естеріңізге сала кетейік, онлайн режимде санақтан өткендер сұхбат алушыларға SMS-хабарламаны немесе санақтан өткені туралы электрондық хабарламаны көрсетуі қажет. Барлық қайта жазылған респонденттерге үй-үйді аралау кезінде интервьюерлер санақтан өткені туралы анықтамалар береді, оларды іс-шаралар аяқталғанға дейін сақтау қажет. Бұған қоса, қамтылған халықты және деректердің дұрыстығын тексеру мақсатында 2021 жылғы 1-7 қараша аралығында респонденттерді бақылау мақсатында тексеру жүргізіледі. Санақ кезінде жиналған барлық деректің құпиялылығына кепілдік беріледі және тек жалпыланған түрде қолданылады. Ұлттық халық санағын өткізу кезеңінде 1446 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді, қоңыраулар тегін.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button