ЖаңалықтарҚала тіршілігі

Халық санағы – маңызды шара

Нұр-Сұлтан қаласында халық санағын жүргізу жұмысына елордалық жастар белсенді қатысуда.

[smartslider3 slider=627]

Бұл маңызды шараға «Астана жастары» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бастамасымен 2000 ерікті тұрақты қатысуда. Белсенді жастар Алматы, Байқоңыр, Есіл және Сарыарқа аудандарына бөлініп, тұрғындарға ақпараттық буклеттер таратып жүр.
Сонымен қатар еріктілердің бір тобы үй аралап санақ жүргізуде. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 16 қазанға дейін жүргізілген онлайн-санаққа тұрғындардың 40 пайызы қатысқан болатын. Ал қазіргі тікелей сұхбаттасу арқылы жүріп жатқан санақтың көрсеткішін қосқанда елордалықтардың 60 пайыздан астамы санақтан өтті.
Ұлттық санақ 30 қазанға дейін жалғасады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button