Қоғам

Халық саулығын көздейді

        Қазақстан Президентінің IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзі мемлекетіміздің әлеуметтік әділеттілік және азаматтар денсаулығын сақтау қағидаттарын ұстанатынын тағы бір рет көрсетіп берді.

Әсіресе, денсаулық сақтау саласы инфрақұрылымын жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударды. Таяу жылдары ауылдық жерлерде 160-тан астам медициналық нысан салу, 32 орталық аудандық аурухананы жабдықтау, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында жаңа медициналық мекемелер ашу жоспарлануда.

Медицина саласына салынатын инвестицияның да 3,5 есе артуы айтарлықтай көрсеткіш, бұл мемлекет саясатында денсаулық сақтауды дамытуға ерекше басымдық берілетінін білдіреді. Президент қаржыландырулы арттырып қана қоймай, оны мақсатсыз шығындар мен теріс пайдалануға жол бермей отырып дұрыс қолдана білу жайында міндеттер қоятыны маңызды.  Бұл денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі мен азаматтар үшін медициналық қызметтер сапасын жақсартуға ықпал етеді.

Мемлекет басшысының бастамасымен көтерілген инфрақұрылымды жаңғырту, медицина кадрларын әлеуметтік қолдау бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыру қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласын нығайтуға бағытталған. Осындай маңызды міндеттер жүктей отыра Президент бұл жоспарды жүзеге асыруда сала қызметкерлеріне сенім артады. Сондықтан «ақ халатты абзал жандар» атанған барша әріптестердің алдындағы басты міндет – өзі таңдаған жауапты да, абыройлы қызметті адал атқарып, ұлт саулығы үшін аянбай тер төгу.

Саягүл Қайыргелдина,

ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ директоры

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button