Басты ақпарат

Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 21 қараша күні республика бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» іс-шаралары өтті. Осы іс-шаралардың аясында «Жанұя» отбасы ­институтын қолдау орталығында елорда әкімі Алтай Көлгінов, әкімнің орынбасарлары, басқарма басшылары және аудан әкімдері азаматтарды қабылдады.Бір күннің ішінде 700-ге жуық адам қабылданды. Қабылдауға жазылған тұрғындардың көпшілігін баспана алу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік көмек алу, балабақша кезегіне тұру, үлестік құрылысқа қатысу сияқты өзекті мәселелер мазалайтыны мәлім болды. Мәселен, жазылғандардың бір бөлігі жалға берілетін тұрғын үйге қатысты сауалдар қойды. Алтай Көлгінов тұрғындарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерді 5 жылдан кейін қайтарып беру міндетті еместігін айтты.

Бұл санатқа тек жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлер кірмейді. «Жалға берілетін пәтерде шартты әр 5 жыл сайын ұзартып, өмір бойы тұра беруге болады. Сіз құжатта көрсеткен балаларыңыз жалдамалы тұрғын үй шартын өз атына қайта ресімдеуге құқылы. Яғни пәтерде қанша уақыт тұрсаңыз да еріктісіз» деп түсіндірді қала басшысы.
Қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова тұрғындардың грант, несие және жәрдемақша алуға қатысты сауалдарына жауап берді. «Бас қалада көп жылдан бері «Көше саудасы – 1000 орын» атты жоба іске асырылып келеді. Одан бөлек, «Бизнес бастау» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары аясында астаналықтарға өз кәсібін ашуға зор мүмкіндіктер берілуде. Көбінесе азаматтар істі неден бастайтынын, қайда баратынын білмейді. Біз соны қарапайым тілмен түсіндіреміз» деді М.Бектұрова.
Айтарлығы сол, әр азаматтың өтініші елеусіз қалмайды. Алтай Сейдірұлы тұрғындарды қабылдау алдағы уақытта жүйе­лі түрде жалғасатынын мәлім етті. Өткен 4 айдың ішінде қала әкімі 600-ге жуық адамды жеке өзі қабылдаған. Мәселелердің көпшілігі ше­шімін тапты. Сондай-ақ азаматтарды қабылдау аудан әкімдіктеріндегі open akimat-та, қалалық әкімдікте өтеді. ІQala бірыңғай қалалық қызмет көрсету орталығы алаңында кәсіпкерлер өздерін толғандырған сауалдарын билік өкілдеріне тікелей жолдайды.

Тағыда

Төлен Тілеубай

«Астана ақшамы» газетінің шеф-редакторы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button