#Жолдау-2022

Халық жақсы қабылдады

Ата Заң – тәуелсіздік тұғырының берік болуына кепілдік беретін бас құжат. Сонау ғасырлар тарихынан бастау алатын Ата Заңымыз Ескі жолдан өтіп, Қасқа жолды тыныс-тіршілігіне арқау еткен халқымыз Тәуелсіздіктің салтанат құрып, бейбіт өмір сүргенін бақытқа балайтын кезеңді бастан кешуде. Белгілі бір тарихи кезеңде уақыт толайым өзгерістерге куә болып келеді.  Иә, уақыт – өмір өлшемі. Сол тарихи кезеңнің озығы мен тозығын таразы­лап, кейінгі ұрпақтың еншісіне қалдырып отырады.

Бүгінгі ардагерлер –  саналы ғұмырын қоғамның дамуына сарп еткен,  екі ғасырдың легінде қоғамда болған талай саяси, әлеуметтік, мәдени шараларды ұйымдастырып, халық игілігіне атқарған аға ұрпақтар. Бүгінде барша ардагерлеріміз – Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған өзіміз дауыс беріп, таңдау жасаған жаңа қоғам тұрғындары.

Қазақ қоғамы Мемлекет Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасаған жаңа Жолдауды, бас құжаттың жаңалығын тағатсыздана күтті. Жолдау мазмұны жағымды жаңалыққа толы боларына сенім білдірді. Енді міне, халық сеніміне селкеу түсірмейтін, көкейге ұялайтын, көңілге қонымды, игілікті бастамаларды естіп тағы бір марқайды.

Қаңтар айынан бері халық бірде күдікке орын беріп, бірде сенімге бой алдырып, асыға күткені анық. Уақыт озған сайын күдік ұлғайып, сенімге селкеу түсірмеуге ақыл кеңесін ортаға салып, астана ардагерлері Жаңа Қазақстанның болашағы жастарға аманат екеніне басымдық таныта айтып отырды.

Міне, бүгін күздің алғашқы бейсенбісі берекелі бастауларға бастады.  Жаңалық жаңа мазмұн, жаңашыл бағыттағы Жолдауды зор ықыласпен тыңдады. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының мазмұны елдің таяу кезеңдегі әлеуметтік-­экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын айқындап берді.

Бұл игі бастама азаматтарымыздың белсенді қатысуы, қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін арттыра түседі. Қай кезде де еліміздің орнықты дамуының негізгі қозғаушы күші еңбек, білім және азаматтық белсенділік болуға тиіс екендігін жалпы халық түсінеді.

Сонымен қатар Жолдауда заң, халық әлеуетін көтеру, қаржылық сауаттылық,  құқық, қоғамға зиянды жат қалықтардан сақтандыру жайында да көңілге қонымды ашық әңгіме  айтылды.

Бүгінгі Нұр-Сұлтан қаласы Ардагерлер кеңесі мүшелерінің де қолдауы осындай болмақ.

Маржан БЕКТҰРСЫНҚЫЗЫ,

Нұр-Сұлтан қаласы Ардагерлер кеңесі медиатобының мүшесі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button