Халықаралық аренадағы беделі мен тұғыры биік

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, яғни соңғы 34 жылда халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерін шешуде белсенді позицияны ұстанатыны мәлім. Сонау 1992 жылдың наурызында Біріккен ұлттар ұйымына кіргеннен бастап, түрлі дәрежедегі қауымдастықтарға мүшелікке қабылданғаны рас. Осы уақыт аралығында туған еліміздің бейбітсүйгіш позициясын айқындайтын қыруар еңбек атқарылды.
Былтыр Қазақстан беделді деген халықаралық ұйымдар мен платформаларға төрағалық еткенін білеміз. Бұл жауапты міндет аймақтық және жаһандық дәрежедегі өзекті мәселелерді шешуге белгілі бір деңгейде үлес қосты деп санаймын. Мәселен, Түркі мемлекеттері ұйымына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Халықаралық Аралды құтқару қорына және сол сияқты тағы да басқа беделді ұйымдарға төрағалық еткені – әрі мемлекеттік дипломатия саласындағы елеулі табыс, әрі еларалық коммуникация бойынша мол тәжірибе. Мұның бәрін мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделі мен құрметін, тұғыры мен ықпалын нығайтудағы маңызды қадам деп есептеуге болады.
Алма Сайлауқызы,
PhD ғылым докторы MNU Халықаралық журналистика мектебінің
Adjunct Assistant профессоры