Елорда тынысы

Халықаралық «Ecojer» конгресі

2 маусымда елордада халықаралық «Ecojer» конгресі өтеді. Оған әлемге әйгілі тәжірибелі сарапшылар, эко-белсенділер, мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

[smartslider3 slider=2986]

Іс-шараның басты мақсаты – экология, тұрақты даму, «жасыл» инвестициялар үлесін арттыру, экологиялық мәдениет пен қоғамның хабардарлығын арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру және тәжірибе алмасу. Конгресс барысында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, елорда әкімдігі, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы, БҰҰДБ және түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы (Turk PA) экологиялық реформалар, су ресурстарын басқару жүйесін модернизациялау, ұлттық экономиканы декарбонизациялау және тұрақты қаржылық инструменттер, Turk PA қатысушы-мемлекеттерінің тұрақты даму саясатындағы гендерлік мүмкіндіктер, жаңа нарықта энергияның және т. б. ресурстардың баламалы көздерін қалыптастыру секілді маңызды мәселелерді талқылайды деп жоспарланып отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button