Ел тынысы

Халықаралық олимпиадаға өтінімдер қабылдануда

Қаржылық мониторинг агенттігі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, «Тұран» университеті, «AML ACADEMY» Қаржы мониторингі академиясы 2024 жылғы Қаржы қауіпсіздігі бойынша халықаралық олимпиадаға іріктеу турын өткізеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Олимпиада жастардың қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздіктің заманауи трендтерін көрсетуге, қаржы саласындағы тәуекелдер мен қатерлерге қарсы тұруды үйретуге арналған.

Олимпиадаға құқықтану, экономика, қаржы және есеп, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық технологиялар білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын 2-3 курс студенттері мен ғылыми-педагогикалық бағыттағы 1-курс магистранттары қатыса алады.

Олимпиадаға қатысудан бұрын қатысушылар міндетті түрде сауалнаманы толтыруы керек.

Іріктеу туры онлайн және оффлайн форматта қазақ, орыс тілдерінде (қатысушылардың қалауы бойынша) өткізіледі. Іріктеу турына қатысу тегін.

Іріктеу туры Ережеге сәйкес 2 кезеңде өткізіледі: тестілеуден өту (1-кезең) және эссе жазу (2-кезең). 1-кезеңнен сәтті өткен жағдайда қатысушы іріктеу турының 2-кезеңіне қатысу құқығына ие болады.

2-ші іріктеу турының жеңімпаздары «Сириус» федералды аумағында (Ресей Федерациясы, Краснодар өлкесі) орыс тілінде өтетін Олимпиаданың соңғы кезеңінде өздерін көрсете алады.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 мамыр сағат 09:00-ден 10 мамыр сағат 13:00-ге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының сайтында мына сілтеме бойынша ашық болады https://reg.olymp.academygp.kz/

2024 жылғы 1-10 мамыр аралығында тіркелу.

1-ші кезеңін өткізу күні – 2024 жылғы 13 мамыр.

1-ші кезеңінің нәтижелері – 2024 жылғы 15 мамыр.

2-ші кезеңнің өтетін күні – 2024 жылғы 20 мамыр.

2-ші кезеңнің нәтижесі – 2024 жылғы 22 мамыр.

Апелляция – 2024 жылғы 23 мамыр.

Олимпиаданың қорытындысын шығару 2024 жылғы 28 мамырда өткізіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button