Ел тынысы

Халықаралық шизофрения күні қарсаңында



22 мамырда Астанада Халықаралық шизофрения күні қарсаңында «Ашық әңгіме: шизофренияға бетпердесіз көзқарас» атты жиын өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға шақырылған қонақ, сарапшы – Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас психиатры Елена Полиенко, «GEDEON RICHTER KZ» ЖШС PR-менеджері Динара Бірмағанбетова қатысады. Сонымен қатар, кездесуге танымал медиаменеджер Назым Жанғазы модераторлық етеді.

Сіз шизофрения деген не, бұл ауру қалай дамитындығы, мұндай диагнозы бар адамдар қандай проблемаларға тап болатыны және дертті бақылауға алуға болатындығы туралы ашық, шынайы әңгіменің куәгері боласыз.

Сонымен қатар, жиында қазақстандықтардың психикалық бұзылулардан қаншалықты хабардар екенін көрсететін сауалнама нәтижелері де ұсынылмақ.

Кездесуді ұйымдастырушылар: Niettes тәуелсіз платформасы және GEDEON RICHTER KZ ЖШС.

Жиын 22 мамыр күні сағат 19.00-де Астана қаласы,Достық көшесі, 16 үй, Talan Towers бизнес орталығында өтеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button