Елорда тынысы

Халықаралық турнир басталды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай кеше елордада жеңіл атлетикадан ашық халықаралық турнир салтанатты түрде ашылды. 2004-2005 жылдары туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы жарыстар 26-27 қарашада елордадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.

[smartslider3 slider=1105]

Турнирдің басты мақсаты – елімізде жеңіл атлетиканы кеңінен насихаттау. Сонымен қатар спорттық резервті дайындап, Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің ұлттық құрама командасына түрлі халықаралық жарыстарға қатысуға үміткерлерді анықтауды да көздейді. Турнирге Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды елдерден 150-ден астам спортшы қатысуда. Еліміздің басқа өңірлерінен де қатысып жатқан спортшылар бар. Спортшылар келесі жеңіл атлетика жарыстары бойынша чемпиондық атаққа таласады: жүгіру 60 м, 60 м кедергімен жүгіру, 200 м, 400 м, 800 м, 1500 м, 3000 м, 3000 м спорттық жүріс, ядро лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, эстафеталық 4х200м., 12 жеке пән + 1 эстафета және 4х200м аралас эстафета.

Турнирдің бірінші күнінде қатысушылар арасынан 400 метрге жүруден қыздардан СҚО спортшысы Анастасия Колода мен ұлдар арасынан тәжікстандық Мухаммадризо Мирзозода, ал 60 метрге кедергімен жүгіруден өзбекстандық Шарифа Давранова мен СҚО-дан Әлішер Амрин, 3000 м спорттық жүріс жарысынан Солтүстік қазақстандық Даниль Шмаков пен алматылық Сабрина Арзиева, ұзындыққа секіруден өзбекстандық Ксения Борисова мен өзбек баласы Иброхим Махкамов, ядро лақтырудан Өзбекстан спортшысы Аслиддин Рахмонбердиев, 1500 метрге жүруден тәжікстандық Хусан Кулов пен өзбек қызы Дилшода Усманова, әйелдер арасында ядро лақтырудан өзбекстандық Малика Насрединова, биіктікке секіруден тағы да өзбекстандық Барнохан Сайфуллаева бірінші орын алды. Эстафетадан Қазақстан командасы жеңімпаз болды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button