Жаңалықтар

ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫ НЫҒАЙТУ КЕРЕК

Қала әкімдігінің сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары – әкімдік пен халық арасындағы кері байланыстың тиімді құралы. Мұнда  жолданған өтініштер аудандық әкімдіктердің, қалалық басқармалар мен елордалық департаменттердің қарауына ұсынылады. 

Жыл басынан бері сайтқа 3,5 мыңнан астам адамнан өтініш келіп түскен. Оның басым бөлігі ТКШ қызметі, аулаішілік аумақтарды абаттандыру, көлік қою ережелерін бұзу және жолаушылар тасымалдау мәселелеріне қатысты. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап Бірыңғай байланыс орталығы «109» қызметіне 122 мыңдай өтініш жіберілген, бұлардың көбісі тұрмыстық мәселелерді қозғайда.
Кеше Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында өтініштерді қарау мерзіміне және берілген жауаптардың сапасына баса назар аударды.
«Көтерілген мәселелердің барлығын мүмкіндігінше тез шешу керек. Тұрғындар өз мәселелерінің шешілетініне сенімді болуы қажет. Егер объективті себептермен біз ол проблеманы шеше алмайтын болсақ, онда тұрғынға жағдайды түсіндіріп, уақытылы жауап қайтару керек» деді шаһар басшысы.
Осы тұста Ә.Жақсыбеков көптеген өтініштерге мерзімінде жауап бермеген басқармалардың басшыларына ескерту жасады. Оның айтуынша, мемлекеттік органдар жауапкершілікті бір-біріне жүктеп, туындаған мәселені шешуді созып жіберетін жағдайлар болады. Әкім елорда тұрғынының Шұбар шағын ауданында жағалаудағы абаттандырудың бүлінуіне қатысты арызын мысал ретінде келтіріп, осы түйткілді жақын арада жоюды тапсырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button