Халыққа қамқорлықты сезіндім!
Мен елорда тұрғынымын. Жетімдер санатына жатамын. Күйеуім, 5 балам бар. Күйеуім 2-топтағы мүгедек. Үйдің кезегіне медициналық колледжде оқып жүрген кезімде тұрған едім. 11 жылдан кейін өз баспанамда тұрамын деген арманым жүзеге асты.
Астанада қазір пәтер жалдап тұру өте қиын. 1 бөлмелі пәтердің өзінің ай сайынғы жалдама ақысы – 100-120 мың теңге. 2023 жылы маған «Не молчи, сирота!» қорының хабарласып, елордада тіркеуге тұрсам, өз баспанамды алатынымды айтты. Мен аталған қордың өкілі Руслан Тұрсынбековтің берген кеңесін құлақ асып, тіркеуге тұрдым. Үш айдан кейін маған баспанамды берді.
Бұрын 1 бөлмелі пәтерде қысылып өмір сүріп келсек, Р.Тұрсынбековтің көмегімен «Orman park» тұрғын үй кешенінен 3 бөлмелі пәтер алдық. Шынында баспана кілтін бергенде өз көзімізге өзіміз сенбедік. Қуанышымызда шек болмады. Бізбен бірге балаларымыз да қатты қуанды. Менің 4 қызым, 1 ұлым бар. Олардың ешқашан бөлек бөлмесі болған емес. Енді олар жеке әдемі бөлмеде тұрады. Тұрмысымыз осылай оңалды. Аллаға шүкір дейміз! Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік саясатының нәтижесін көрген ел азаматы ретінде алғысымды айтамын!
Әсел Қалабаева,
астаналық көпбалалы ана