Қоғам

Халыққа қызмет – абыройлы міндет

Мемлекет үшін кез келген оң өзгеріске қауіп төндіретін, экономикалық өсуі мен дамуындағы ең үлкен кедергінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Мұны макроэкономикалық зерттеулер көрсетіп отыр.

Сыбайлас жемқорлық экономикалық дамуға жүйелі қауіп-қатер туғызып қана қоймай, ұлттық қауіпсіздіктің, мемлекет пен қоғам тұрақтылығының әлсіреуіне әкеп соғатынын біз естен шығармауымыз керек.

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен байланысты немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын іс-әрекеттер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-­қимыл туралы» заңда, сондай-ақ өзге де заңдарда белгіленген.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талаптарының аясында мемлекеттік аппараттың барлық деңгейінде түрлі бағытта жүргізілуде.

Айта кетерлігі, 2015 жылғы 18 қарашада қабылданған аталмыш заңнамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр мемлекеттік органның басшылары мен қызметкерлерінің және ел азаматтарының міндеті екені көрсетілген.

Аудан әкімі ретінде мен осы қағидаларды, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін басшылыққа ала отырып, қоғам мен халық алдында адал қызмет етуге болады деп нық сеніммен айта аламын.

Аппарат өз қызметі аясында осы бір жағымсыз құбылыспен күресу үшін түрлі шара мен бастаманы жүзеге асырып жатыр. Ал аудан әкімдігінің кезек күттірмейтін міндетінің бірі – ашықтық пен жариялылық үшін қолайлы жағдай жасау. Осы мақсатқа жету үшін қандай істер атқарылып жатыр деген сұраққа тоқталсақ:

* біріншіден, жүйелі түрде тексерулер жүргізіледі;

* екіншіден, қаржылық іс-шаралар сарапталады;

* үшіншіден, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды ақпараттандырудың тиімді жүйелері енгізілуде.

Одан бөлек, аппарат сыбайлас жемқорлықпен бірлесіп күресу үшін қоғаммен ынтымақтастыққа ден қо­йып отыр. Аппарат қызметкерлерінің қоғам алдындағы адалдығы мен жауапкершілігін арттыру мақсатында семинарлар мен тренингтер өткізіледі.

Аудан әкімі аппараты жұмысының маңызды бөлігі – азаматтардың өтінішін қарауға жәрдемдесу. Биыл аудан әкімі ретіндегі жеке қабылдауыма 320-дан астам тұрғын қатысып, 750-ден астам мәселе қаралды. Біз жеке кездесуде және әлеуметтік желі арқылы әкімдікке жүгінген ауданымыздың әр азаматының мәселесін тиімді түрде шешіп беруге тырысамыз.

Сондай-ақ ауданда жергілікті бюджет қаражатын бөлу кезінде қаржыны басқаруға және бақылауға тұрғындардың қатысуына бағытталған «Халық қатысатын бюджет» республикалық конкурсы жүзеге асуда.

Осы және өзге де істер халықпен тиімді кері байланыс құруға және ауданымызда заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Мемлекет беделін нығайтуда және халық арасында сенімді арттыруда жоғарыда аталған шаралар жиынтығының ықпалы орасан.

Асылбек ЕСЕНБАЕВ, Астана қаласы

Есіл ауданының әкімі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button