#Жолдау-2022

Халықтың жүрегіне жылы тиді

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы   соңғы жылдары қыркүйек айында екі палатаның бірлескен отырысында жарияланатыны дәстүрге айнала бастады. Күздегі Жолдаудың басты ернекшелігі – ол қоғамның барлық страттары мен саяси-экономикалық және әлеуметтік саласын түгел қамтыды.

 Елімізде жаңа экономикалық саясаттың басталағаны туралы мәлімдеген Президентіміз Қ-Ж.К.Тоқаев жаһандық әлемде өз орнымызды айқындап алу үшін сөзден іске көшетін уақыттың келгені туралы мәлімдеді. Ол үшін ең алдымен экономиканы әртараптандыру керектігіне тоқталды.

Сонымен қатар, еліміздегі бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу керек.тігіне, әсіресе мыңнан астам өзгеріс енгізілген Бюджет және Салық кодекстерін қайта қабылдау керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, мемлекеттегі басталған саяси реформалардың жалғаса беретіні және де Ұлтық қордың халық игілігіне қызмет ететін уақытының келгеніне тоқталды. Ұлттық қордан Балаларға арнап арнайы есеп-шот ашылады және ол жиналған қаржыны бала 18 жасқа келгенде өз таңдауына жаратады. Бұл егемендік алғалы бері айтылып келе жатқан жыр болатын. Осы мәселеге Президентіміз нүкте қойды.

Сонымен қатар әйелдердің зейнет жасы туралы шешімі де халықтың жүрегіне жылы тиді. Шетке кеткен қаржыны қайтарған соң, ел игілігіне асырып, мектеп салу идеясы бұқараның ерекше қолдауына ие болды. Сондай-ақ, медицина мен құрылыс саласын одан әрі дамыту туралы да шегелеп айтты. Наурыз айындағы Жолдауында  бастаған саяси реформалар мен құқық қорғау оргадарын қатысты өзгерістердің  елімізде жалғаса беретіні және Конституциялық сотты құруды  жүзеге асыруға пәрмен беру керектігіне де тоқалды.Одан өзге, жастар саясатына да ерекше назар аударды. Жастарға оқу үшін арзандтылған кредит беру мәселесін үкіметке тапсырды.

Жолдаудағы елді елең еткізген мәселе ол кезектен тыс Президент сайлауын өткізу бастамасы. Сонымен бірге Парламент мақұлдаған жағдайда Президенттің өкілеттілігін 5 жылдан 7 жылға созып, тек бір ғана мерзім деп көрсету ойы ол да көпшіліктің көкейіне қонымды шықты.

 Президентіміздің мақсаты -билік монополиясын болдырмау. Және де бұл өзгерістерді Парламент арқылы қабылдау ойы біздің демократиялық құқықтық мемлекет екеніміздің тағы дав бір көрінісі деп қабылдаймыз.

Қорыта келгенде, Жолдаудағы өзгерістер елдің барлық страттары мен еліміздің саяси жүйесін толығымен қамтымақ. Осындай ұлы мақсаттарға жету  үшін ел болып, елдігімізді танытып, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясатының айналасына топтасып ұйысайық. «Бегі еліне, елі бегіне сенген ел мәңгі жасайды» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек.

Зулфухар ҒАЙЫПОВ,

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы,

Ұлттық құрылтай мүшесі

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button