#Жаңа Қазақстан

Халықтық билікті қолдайтын партия

Қазақстан Халық партиясының Қостанай облыстық филиалының өкілдері «Allur» Ұлттық көлік өндірушісі компаниясына барып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

Партия мүшелері қуатты орта тап қалыптастыру, прогрессивті көрсеткіш бойынша есептелетін салық енгізу, сән-салтанат салығын енгізу, ҚҚС-ты жою және қаржы айналымына салынатын бірыңғай салық (5 пайыз) енгізу, шығыны көп іс-шаралардан бас тарту, зауыттар мен фабрикалардың санын көбейту, заңсыз жекешелендіру қорытындысын қайта қарастыру және тағы басқа мәселелердің қажеттілігін атады.

Айта кететіні, Халық партиясының бағдарламасында аудиторлық палата Мәжіліс құрамында болуы қажет, сот пен құқық қорғау жүйесіндегі жемқорлықты жою, судьяларды халық сайлауға тиіс, сайланатын және мәслихатқа есеп беретін әкімдер, биліктегі әйелдердің санын арттыру, барлық саяси партияларды тіркеу, азаматтық қоғамды дамыту, қандастарды елге қайтаруға жағдай жасау бастамасын көтеруде.

***

Қазақстан Халық партиясын қолдаушылар үндеу жолдап, партияны қолдауға шықыруда. Соның бірі – сайлаушы Анар Дүкенбаева.

Ол: «Біз әйелдердің – 58, ерлердің 60 жаста зейнетке шығуын қолдаймыз! Халық партиясы аналардың еңбегін ақылы етуді және әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеруді ұсынады. Біз көпбалалы және мүгедек балалардың ата-аналарының тұрақты мәртебесін бекітуді ұсынамыз.

Мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-ана 55 жасқа дейін зейнетке шығуы тиіс және олар үшін қысқартылған жұмыс күні белгіленуі қажет» деді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button