Басты ақпарат

ХАНОЙ МҰНАРАСЫ БИІГІНЕН

10 тамыз күні Тәуелсіздік Сарайын­да вьетнамдықтармен жүздесуге дайындалып жүрген студенттердің бірінен «Вьетнам ту­ралы не білесіңдер?» деп сұрадық. Сөйтсек, бұл ұлыстың образы сол баяғы америка блокбастерлері мен танымдық телеканал­дар қалыптастырған клишеден аса алмағанға ұқсайды. Жасөспірімдерді қойшы, өзіміздің де мандытып білетініміз шамалы сияқты. Иә, егеуқұйрық аулап жейді. Тағы не білеміз? Иә, атышулы Сайгон (оның ендігәрі Хо Ши Мин деп ата­латыны көбімізге сірә жұмбақ). Социалистік ел. Айтпақшы, ертерек­те АҚШ-пен соғысқан, ең сорақысы – жеңген! Осымен Вьетнам туралы мағлұматтар жиналған қобдиымыздың түбі де көрінетін тәрізді.

ДӘЛ СОЛ УАҚЫТТА…

Дәл сол уақытта бүгінгі Вьетнам – Тынық Мұхит аймағының ірі геосаяси ойыншысына айналып отыр және бұл әдетте оңды-солды үлестіріле беретін кезекті қызыл сипат емес. Картаға зер салсақ, Оңтүстік Қытай теңізін – Қытайдан қалқалап орналасқан. Нағыз тиімді геосаяси орын: шығыс Қытайға қарсы керемет әскери плацдарм. Қытайдың ықтимал жаулары – АҚШ, Жапония, Филиппинмен ықтимал текетірес теңіз арқылы болуы мүмкін екенін есепке алсақ, Вьетнамның геосаяси ойындарда көзірі қалтасында деп айтуға әбден болады.

Саяси картадағы теңізді бойлаған иінағаш іспеттес тұрқына қарап, мұны тағдырдың сыйы, әрқашан осылай болды деу әбестік болар еді. Бұл жағдаят – вьетнамның ержүрек халқының жеңісі. Тап сол Қытай – Оңтүстік Қытай теңізіне тікелей дәліз салмақ болып бұл елді төрт рет жаулап, төрт рет айрылған. Бұдан соң жапондар да ауыз салған. Оларды тықсырған болған ағылшындар мен француз­дар да елді жік-жікке бөліп билеген. Бірақ.

Жалпы, Вьетнам халқының әскери-саяси жылнамасы «өзіміздің» Ауғанстаннан аумайды. Ауған елін ешқашан жат жерліктер би­лемеген деген аңызды білетін болсаңыз, ол осы вьетнамдықтарға да қатысты. Тіпті, вьетнамдық саяси терминологияда «оккуп­панттар қаптап кеткен күңгірт уақыттар» деген түсінік те бар. Бұлай әдетте XX ғасырдың бірінші ширегі, ұлт тәуелсіздігінің негізі қаланған 25-30 жылдар аталады.

Қазіргі, социалистік әрі біріккен кейіптегі, кешегі елордаға рес­ми сапармен келген Вьетнам, дегенмен өткен ғасырдың орта шенінде советтердің көмегімен қалыптасқан. 1970 жылдардағы АҚШ-тың масқаралауға тұрарлық басқыншылық соғысын барлығымыз білеміз. Бұл соғыс бәрінен бұрын, азаттыққа ниет пен табандылықтың жеткілікті екенін көрсетті. Себебі, аса дәл қарумен жабдықталған америкалықтар ақыры шиті мылтықпен қаруланған деуге боларлық вьетнам әскерлерінің партизандық ұрыс жүргізу тактикасынан әбден титықтап бітті. Қазіргі Вьет­нам – сол, соғыс аяқталған 1979 жылғы нұсқадағы мемлекет. Уни­тарлы мемлекет. Тісін батырып қоятыны да бар. Өз мүдделері жолында ештеңеден тайынбай­ды, атының өзі ақырып тұратын АҚШ, Қытай деген атаулар – мемлекет мақсатының қасында түк те емес. Мысалы, Камбоджа ормандарын жағалап тығылып жүрген, 20 мың адамды жеке өз қолымен өлтірген делінетін әйгілі қаныпезер, қызыл кхмер Пол Поттың әскерін, оның демеушісі Қытай екеніне пысқырмай-ақ, талқандағаны есімізде. Ең ұзын шекаралас иесімен мұндай конфронтацияға бару – нағыз, тіпті, көзсіз батылдық. Осы орайда Қазақстанның да геосаяси мүдделері қылаң беріп қалатын сияқты…

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ВЬЕТНАМ

2011 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 59,1 млн долларды құрапты. Шынтуайтқа кел­генде, мұндай тауар айналымы екі орташа кәсіпорынның ара­сында да жүре береді. Енде­ше, Қазақстанды Вьетнамның экономикалық әлеуетінен басқа нәрсе қызықтыратынға ұқсайды.

Бұл орайда еліміз тәуелсіздік ала сала ұстанып келе жатқан саяси тепе-теңдік жүйесі, таразыны бір жағына да аудармайтын ұстанымы бізге біраз нәрсені аңғартатын сияқты. Мысалы, Вьетнамды – Қытайға қарсы қойылған кірдің тасы деп бажайласақ та болады. Бұған қоса, стратегиялық әріптесіміз Ресейдің Шығыс бағытында мұз қатпайтын порттары мардымсыз екенін есепке алсақ, Вьетнам – іздегенге табылған аймақ. Бұл орайда Ақорданың біздер біле бермейтін «мүдде ал­масу» ойынында өз үлесі мен алары бары хақ. Қауіпсіздігіміз бен тәуелсіздігімізді ядролық державалар кепілдегенімен, қосымша кепілдік жасап қоюдың еш артықшылығы жоқ екені соңғы кездері аян болып отыр.

Шығыс бағытында Вьетнам сияқты одақтас тауып алу – үлкен, зор жетістік екені сөзсіз. Кедендік Одақтың құрамына болашақта мұндай ірі мүше тарту – тек Қытайға тәуелді боп бара жатқан КО экономикасының әртараптануына да себін тигізер еді. Оның үстіне, Вьетнам экономикасы, әсіресе ауылшаруашылығындағы ахуал біздікіне өте-мөте ұқсас (олар да 1988 жылдары жартылай жекеменшікке рұқсат еткен). Ин­дустриаландыру, бастысы – еңбек өнімділігін арттырудағы шешімдер біздерге өте-мөте қызық болмақ.

P.S.

Қазақстандағы Вьетнам мәдени күндеріне орай бір аңыз. Ханойдағы Бинараса храмында үш алмас қазық бар көрінеді. Бірінші қазыққабірі бірінен кішірек 64 сақина кигізілген. Монах осы сақиналардыкіші сақинаны үлкенінің үстіне салмай үшінші сақинаға жинап біткен күніақырзаман орнайтын көрінеді. Ғалымдардың есебінше, сақиналарды секунд сайын кигізіп отырғанның өзінде, олардың жина­лып бітуіне әлі аттай … 584 млрд жыл бар көрінеді. Майя күнтізбесіне қарағанда жағымдырақ сияқты ма?

Ерлан ОСПАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button