9 мамыр - Ұлы Жеңіс күні

Хиуаз Доспановаға еліктеймін

2018 жылдан бері ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне қарасты Әскери әуе күштерінде қызмет атқарып келемін. Мен, әрине, бірден әскери ұшқыш бола қойғаным жоқ. Бала кезгі арманыма жету үшін біршама табандылық пен қайсарлық танытуға тура келді.

[smartslider3 slider=2937]

Әуелі Қазақстандағы мемлекеттік авиация орталығын бітіріп, әуесқой ұшқыш біліктілігін алдым. Әу баста мені Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтына қабылдамай қойғаны да рас. Содан соң Алматыдағы Азаматтық авиация академиясына оқуға түстім. Екінші курстан кейін Финляндияға оқуға аттанып, еуропалық деңгейдегі коммерциялық ұшқыш лицензиясына ие болдым.

Алдымен жеңіл TL-2000, Tecnam P-2002 және Diamond DA42 ұшақтарын басқаруды үйрендім. Біртіндеп ауыр Ан-26 әскери-көлік ұшағын әуеге көтеріп, AERO L-39 Albatros оқу-әскери ұшағының штурвалына отырдым. Ал өткен жылы Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағының экипаж командирі ретіндегі біліктілігімді Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Н.Орманбетовтің алдында дәлелдеп шықтым.

Өз басым Халық қаһарманы, даңқты ұшқыш Хиуаз Доспанованың жолын қуып, қазір Кеңес Одағының Батыры Н.Әбдіров атындағы Қарағанды авиабазасында қызмет атқарып жатқанымды мақтан тұтамын.

Ардана БОТАЙ, Су-30СМ жойғыш ұшағы экипажының командирі, аға лейтенант

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button