Елорда тынысы

Хоккей жанкүйерлер үшін арнайы автобустар шығады

«Барыс» – «Динамо Мн» матчы: жанкүйерлер үшін арнайы автобустар жүретін болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

13 қыркүйек күні сағат 19:00-де «Барыс Арена» мұз сарайында «Барыс» және «Динамо Мн» командалары арасында хоккейден матч өтеді. Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін ойын өтетін жерге арнайы автобустар қатынайтын болады.

Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру матч билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады.

Жанкүйерлердің қауіпсіздігін, ыңғайлылығын қамтамасыз ету және қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында әкімдік арнайы автобустарды іске қосады. Олар бірнеше орыннан аттанады:

1. «Қазақстан СК» тұрақ аймағы;
2. Орталық саябақ (шамамен сағат аумағы);
3. Халықаралық көрме орталығы (ЭКСПО ауданы).

Автобустар 17:00-ден бастап аталмыш орындарда болады. Соңғы маршрут 18:30-да шығады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button