Sport

ХОККЕЙШІЛЕРІМІЗ АЙДЫНДЫ ЖАТЫРҚАП ЖҮР МЕ?

1399759218_b_10-maja-2014-goda-minsk-chempionat-mira-po-khokkeju-gruppovoj-jetap-kazakhstan-germanija-1-2-pb

Минск қаласында өтіп жатқан хоккейден әлем біріншілігі Қазақстан құрама командасы үшін құт болмай тұр.

Алғашқы кездесуде Германия хоккейшілерімен айдынға шыққан біздің жігіттер бірінші болып есеп ашқанмен, өз қақпаларына қарымта шайба соққызып алып, 60 минутты тең есеппен аяқтады. Кейін қос құрама қосымша уақытта да жеңімпазды анықтай алмай, буллитке жүгінуге тура келді. Бірақ бағымыз шаппады ма, әлде бабымыз келмеді ме, әйтеуір, Ари-Пекка Селин шәкірттері қолда тұрған жеңістен айырылып қалды.

Ал, екінші ойынды айдын иелеріне қарсы өткізген Қазақстан құрамасы 1:4 есебімен ойсырай жеңіліп, тағы да тауымызды шаққандай болды. Бірінші кезеңде бір шайбамен алда тұрған хоккейшілеріміздің екінші және үшінші кезеңдерде өз қақпаларына соғылған төрт шайбаға жауап қайтаруға шамалары жетпеді.

Осылайша, қазір біздің құраманың қоржынында 1 ғана ұпай бар. Алда Финляндия, Ресей, АҚШ, Швейцария және Латвия құрамаларымен болатын кездесулер тосып тұр. Олардың да оңай шағылар жаңғақ емес екенін бәріміз білеміз…

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button