Қала мен СалаҚала тіршілігі
Иесіз иттерге қамқорлық

«Өндіріс» тұрғын алабы аумағында 20-ға тарта тараусыз қалған қаңғыбас иттер ауланды. Олар Ақсүмбе 1 мекенжайындағы жануарларға арналған панаға жөнелтілді.
[smartslider3 slider=877]
Алап тұрғындары осы суреттерге қарап, өздерінің жоғалып кеткен иттерін танып немесе асырап алғысы келсе, бізге хабарласуыңызды сұраймыз.
Сондай-ақ ит-мысық асырап алғандарға жағымды жаңалығымыз бар. Биылғы жылдың 20 желтоқсанына дейін зарарсыздандыру (стерилизация) тегін жүргізіледі, толық ақпаратты жануарларды қорғау қауымдастығынан +7 701 012 86 12 нөмірі арқылы алуға болады.
Қабылдау алдын ала 35 63 99, +7 708 922 29 43 нөмірлері бойынша жазылу арқылы жүргізіледі.