Жаңалықтар

Игі істер игілікке бастайды

Нұр-Сұлтан қаласында жыл басынан бері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп келе жатқан «Игі істер марафоны» аясында жақында елордалық еріктілер қала аялдамалары мен көшелерде тоңып тұрған тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақ таратты. Акцияны Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Астана жастары» мекемесі ұйымдастырды.

[smartslider3 slider=1163]

Елордалық еріктілер ең әуелі «Шапағат» коммуналдық базарының, «Тұлпар» және «Астаналық базар» сауда үйлерінің жанындағы аялдамаларда қала тұрғындарына, жергілікті сатушыларға, сондай-ақ коммуналдық қызмет мамандарына жаңа піскен бауырсақ пен ыстық шай ұсынды. Бас қалада мұндай іс-шаралар тұрақты негізде ұйымдас­тырылып тұрады.

«Біз тұрғындар мен көшенің қарын күреп жүрген коммуналдық қызметкерлеріне шай мен бауырсақ тарату акциясын өткіздік. Бұл бірінші рет өткізіп отырған іс-шара емес, жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеміз. Биыл қыста мұндай іс-шараны аптасына кемінде бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз» деді «Астана жастары» ресурстық орталығының қызметкері Хамит Әлжанов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button