Қоғам

Игі істердің басында

Ақпараттандыру мен жаһандану дәуірінде, әлемнің көптеген елдерінде ұлттық сананың ыдырауы және оның біртұтас стандарттарға айналу үдерісі  кезінде ассамблея қызметі этностардың тең бірлігінің үлгісі. Өткен жылдың қазан айында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шындығында, Ассамблея Қазақстан халқы бірлігін нығайтудың пәрменді құралына айналып және барлық азаматтарды ортақ мемлекеттілік идеясы төңірегінде біріктіре алды» деді.

[smartslider3 slider=2214]

Елордалық ассамблеяның тарихы сонау өткен ғасырдың 90-жылдарындағы ондаған этномәдени орталықтардан басталып, қазір оның қатарында 21 этномәдени бірлестік енген болатын. Бүгінде 56 шығармашылық ұжым, 10 этнолингвистикалық мектеп, 7 қоғамдық келісім кеңесі, 11 жастар қанаты, медиация кабинеті, ғылыми-сараптамалық топ, аналар кеңесі, «жастар ассамблеясы» қалалық штабы, ақсақалдар кеңесі, «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы, «Аналар аманаты» қолөнер орталығы, «Мәміле», ситуациялық пікірсайыс клубы, «Жыр орталығы» «ANK Live» тікелей эфир студия­сы мен журналистер клубы жұмыс істейді.

 Корейлердің «Будданың беті мүсіншіге байланысты» деген сөзі бар. Демек, елордалық Ассамблея­ның бет-бейнесін жайшылықта жұмысы көрінбейтін, бірақ бейбіт өмірдегі нәтижесі ел бірлігі мен қоғамдық келісімде көрінетін қарапайым адамдар жасайды. Бұл – олардың ынта-жігері мен ізгілік қуатын, өз этносының өзіндік ерекшелігін сақтауға деген ұмтылысын, өзін-өзі Қазақстан Республикасының азаматтары – қазақстандықтар ретінде танудың жоғары деңгейі­мен жүретін этномәдени бірлестіктер. 2019 жылдан бастап елордалық ҚХА облыстық ассамблеялар үшін үлгілі типтік көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының Нұр-Сұлтан қаласындағы даму бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл – өз ісіне шын берілген патриоттарының күнделікті тынымсыз еңбегі. Елорданың 20 жылдық мерейтойында этно-мәдени бірлестіктер сыйға алған Достық үйі тек Ассамблеяның ғана емес, елорданың сәулетті ғимараттарының қатарына қосылып, халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықтың нағыз этномәдени, әлеуметтік, ақпараттық-әдістемелік орталығына айналды.

Достық үйі қызметінің негізгі бағыттарының бірі – іс-шараларды ұйымдастыру, дәстүрлі халықтық мерекелер, фестивальдар, концерттер, дөңгелек үстелдер, көрмелер мен семинарлар өткізу. 2021 жылы шамамен 252 іс-шара ұйымдастырылды, оның ішінде 36-ы республикалық және 9-ы халық­аралық деңгейде өтті. Этномәдени бірлестіктердің шығармашылық әлеуеті де артып келеді. Саны елуден астам шығармашылық ұжымдардың бесеуі – «Чен Рю» корей хоры, «Раздолие» казактар ансамблі, Н.Литошко атындағы украин хоры, «Вайнах» шешен-ингуш ансамблі, «Дуслык» татар-башқұрт ансамблі «Халықтық» атағын алды. Қалалық ассамблеяның басым бағыты – өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен толеранттылық рухында тәрбиелеу, оған этнолингвистикалық мектептердің қызметі ықпал етуде. Елордадағы 10 этнолингвистикалық мектепте 460-қа жуық оқушы білім алуда. Жастардың да әлеуе­ті дамып келеді: этно-мәдени бірлестіктер негізінде 11 жастар қанаты жұмыс істейді, «Жастар Ассамблеясы» республикалық Жастар қозғалысының қалалық штабы жұмыс істейді, оның аясында көптеген әлеуметтік маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда, жас көшбасшыларға да қолдау көрсетіледі.

Қайырымдылық пен Қазақстан халқы Ассамблеясы – бөлінбейтін ұғымдар. Көмек, мейірімділік, өзара құрмет – халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан басты құндылықтары. Достық үйіндегі «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы этно-мәдени бірлестіктердің кәсіпкерлерімен бірлесе отырып, мұқтаж жандарға қажетті көмек көрсету бағытында тұрақты жұмыс жасауда. Мәселен, «Біз біргеміз!», «Игі істер марафоны», «30 игі іс» акциялары аясында жыл басынан бері 50 қайырымдылық акциясы өтіп, 5800 адамға көмек көрсетілді.

Патриотизмнің өміршең рөлі кез келген мемлекет үшін айқын, бірақ Қазақстан үшін бұл шын мәнінде оның тәуелсіздігін, бірегейлігін, қуатын, ізгілігі мен өркендеуін қамтамасыз ететін ең маңызды факторы. Тәуелсіздігімізді тұғырлы еткен ұрпақтардың бүгінгі жалғасы да «Бірлік – бірлікте» қағидасының қадірін түсінеді, қоғамдағы татулық пен келісімнің бағасын біледі. Ендеше, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің осынау маңызды құндылығын сақтау, арттыру және болашақ ұрпаққа жеткізу Қазақстан халқы ассамблеясының ортақ міндеті.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button