#Жолдау-2022

Игілікті бастамалар бастауы

Кеше елорданың Достық үйінде «Қазақстан мәслихаттар депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы талқыланды. Жиынға Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов, елордалық мәслихат депутаттары Нұрлан Көпешов, Алтыншаш Табулдина қатысты.

[smartslider3 slider=3938]

– Президент Жолдауда саяси реформаларды және жаңа экономикалық саясатты іске асыру, еліміздің транзиттік қуатын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту, медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсарту, білім беру жүйесін дамыту, ең төменгі жалақы деңгейін көтеру, зейнетақы жүйесін жаңғырту, адам әлеуетін дамыту, қоғамда заң үстемдігін берік орнату сынды бүгінгі күннің өзекті мәселелерін көтеріп, алдағы уақыттағы еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындап берді. Халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған тың бағдарламалар ұсынылған бұл Жолдау игілікті бастамалардың бастауы, жарқын болашақтың нышаны болары сөзсіз. Енді біз Жаңа Қазақстанды құру үшін ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай, бірлігіміз бен ынтымағымызды, татулығымыз бен тұрақтылығымызды және өзара ауызбіршілігімізді көздің қарашығындай қастерлеп, жұмыла жұмыс жасауымыз аса маңызды, – деді жиынды ашып, жүргізіп отырған «Қазақстан мәслихаттар депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев.

Одан кейін сөз алған Премьер-министр кеңсе­сінің өкілі Рыскелді Сәтбаев Мемлекет басшысы жаңа Жолдауында өңірлердегі өзекті мәселелерді шешу үшін  жергілікті өзін-өзі басқару қызметін өзгертуге айрықша назар аудару қажеттігін атап өткенін жеткізді. Бұл тарапта қолға алынған шараларға тоқталды. Соның ішінде мәслихаттарды жаңғырту ісі маңызды екенін айтты.

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Бауыржан Омарбеков жергілікті өзін-өзін басқару саласындағы реформаларға тоқталды. Әділет министрлігінің өкілі Салтанат Жүнісова Президент Жолдауында бес басым бағытты атап өткенін айтып, соның ішінде Әділет министрлігіне жүктелген тапсырмалармен таныстырды.

Жиын қорытындысында «Қазақстан мәслихаттар депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесі қазақстандықтарға үндеу жолдайтыны айтылды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button