Жаңалықтар

Игілікті шара

«Наз» мемлекеттік би театры Жеңіс мерекесінің 73-жылдығы мен Халық қаһарманы, әйгілі партизан Қасым Қайсеновтің 100 жылдығына арнап, қала тұрғындарына мерекелік концерт қойды.

Игілікті шара Көктал тұрғын алабындағы Отан соғысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоғын қоюдан басталды. Содан кейін соғыста қаза болған жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Алғашқы сөзді алған тыл ардагері Иван Буртовой жиналғандарды мерекемен құттықтап, сонау сұрапыл жылдарда жастайынан еңбекке араласып, Жеңісті жақындатуға үлес қосқандығын жылы сезіммен еске алды. Социа­листік Еңбек Ері Сағила Есенжолова – бұл қанды қырғынның елімізге әкелген зардабы жайында әңгімелеп, жастарға бейбіт күннің оңайлықпен келмегенін айтты.
«Наз» театрының өнерпаздары жұртшылыққа майдан даласында орындалған әндерді тамылжытып шырқады. Ұлттық би өнерінің інжу-маржандарын көрсетті. Қысқасы, ардагерлер мен тұрғындардың көңілдерін көтеріп, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ал осы елді мекенде орналасқан №3 көпшілік кітапханада «Ұлы ерлікке тағзым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button